Жұлдызды жаңалықтар

Жігер Ауыпбаев: Қазақ осынау тыныш заманда сынақтың үстіне сынақ көріп жатыр

  • Жігер Ауыпбаев: Қазақ осынау тыныш заманда сынақтың үстіне сынақ көріп жатыр

    Жігер Ауыпбаев: Қазақ осынау тыныш заманда сынақтың үстіне сынақ көріп жатыр

Әнші Жігер Ауыпбаев қазақ халқының қазіргі басынан кешіп жатқан жай-күйін баяндай отыра, көпшілікті сабырға шақырды. 

"Тағдырдың талай қысыл-таяң қиын шақтарында тапқанынан жоғалтқаны басым Қазағым не кермеді дейсіз? Ұлт-азаттық көтерілістің соқыр шаңына көзіміздің жасы шыланған халықпыз. Орны толмас өкініш болған азалы да қаралы кезең, қасіретті апаттың бірі -1931-1933 жылдардағы ашаршылық нәубетін де бастан өткіздік. Ұлы Отан соғысына қаншама қазыналарымызды беріп керегеміз теңселіп, босағамыз босаса да шаңырағымызды құлатпай аяғымызға нық тұрған қайсар халықпыз.

 

Шыңнан төмен лақтырса да оңай шағылатын жаңғақ емес екенімізді дәлелдеген халықпыз. Жанымыз отқа тасталып суға батырылғанда да "қыңқ" етпеген халықпыз. Осынау тыныш заманда сынақтың үстіне сынақ көріп жатқан ҚАЗАҒЫМА: Уа Мейірімі шексіз Жаратқан Ием!
Қазағымның басына түскен сынақты жеңілдеткейсің... Оңтүстік өңірдегі аңқылдаған ақкөңіл ағайындардың көз жасын қуанышқа айналдыршы Раббым...!

«Ақиқатында, әр қиындықтың артында жеңілдік бар». (әл – Инширақ сүресі, 5-8 аяты.)-дегеніңдей жеңілдігіңді жедел нәсіп ете көрші. 
Біз Сенің көмегіңе мұқтажбыз, Раббым", - деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары көмек көрсеткен халыққа алғыс айтып, 

"Негізі 2020 жыл тарихта ойып орын алатындай естеліктерімен келді, бірақ жақсы жағымен емес. Келер күннен үміт үзбейік Алла деген елмізғой", "Аумин Алла ұлык Алла бәрін естіп бәрін көруші тілеген дұға тілектерімізді қабыл етсін", - деп жазды желідегілер.

 
 

 




Көрілген: 1028    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 08:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31