Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жігер Ауыпбаев қымбат отаға жағдайы келмейтін жандарға көмек көрсетпек

27 наурыз 2019, 15:08

Осыдан біраз уақыт бұрын туған інісінің көзіне Түркияда ота жасатып келген Жігер Ауыпбаев енді қайырымдылықпен айналыспақ. Әнші қаражат қиыншылығымен қажет көмекті ала алмай отырған екі адамға көмек көрсететінін ашып айтты деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

4000 долларға жуық қаражат кететін мұндай отаны қарапайым адамның қалтасы көтере бермейді. Сондықтан әнші енді жылына екі адамды отаға жіберіп тұрмақ.

"Өзім жылына енді екі адамды ота жасатуға жіберетіндей мүмкіншілігім бар. Алла қаласа, жіберіп тұрамын. Жол қаражатын өзім көтеремін. Былайынша айтқанда, сауап ретінде, садақа ретінде", - деп ағынан жарылды Жігер Ауыпбаев.

Айта кетейік, биылғы жылдың ақпанында әнші бір көзі көрмей қалған туған інісі Алмастың көзіне Туркияда ота жасатты.