Жұлдызды жаңалықтар

"Жиіркенемін": Түсіпбаева марқұм Жанар Хамитоваға ән арнағандар туралы айтты

  • "Жиіркенемін": Түсіпбаева марқұм Жанар Хамитоваға ән арнағандар туралы айтты

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Жанар Хамитованың өлімінен кейін, оған ән арнап, бейнебаян түсірген әріптестері жайлы не ойлайтынын ашық айтты. Эстрада жұлдызы мұндай адамдардан жиіркенетінін жасырмады деп жазады "Сенбілік серуен" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Түсіпбаева марқұм әншіге өлең арнаған өнер иелері оның жаназасына келмегеніне шүйлікті.

"Жанар Хамитованың жерлеуіне қатыстым. Өнер адамдарынан Сиви екеуіміз ғана бардық. Негізі, ол туралы айтқым келмеген еді. Бірақ, сөз арасында өзі туып тұр. Жанар қайтыс болғаннан кейін, бір ер азаматтар "Мен соған арнадым, Жанарға арнадым" деп, құдай сақтасын бір бейнеклиптер жасап, жазбалар қалдырып жатты. Мен сондай адамдардан жиіркенемін.

Сен шын мәнінде дос болсаң, бар да ақтық сапарға шығарып сал. Сивидің сұрауымен Жанарға жерлес әрі әпке болғандықтан шетелден арнайы ұшып келдім. Заттарым Алматыға ұшып кетті. Мен өзім астанада қалып, Қарағандыға кеттім. Бір тәулік күтіп, Сиви екеуміз барып келдік.

Ал кейбір азаматтар, мемлекетте бола тұра ең соңғы ақтық сапарына шығарып салмай, артынан бейнеклип шығарып, хайп пен пиар жасап жатты. "Жақсы көріп едім, сүйіктім, досым еді" деді. Досың болса, еркек болсаң, ісіңмен дәлелде. Оны әйел жасаса мен үндемейтін едім. Бірақ, ер азаматқа ұсақтық жараспайды" , - деді әнші.

 

 

 




Көрілген: 5851    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.11.2019, 14:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29