Жұлдызды жаңалықтар

«Жолдарын ашып жіберем»: әнші Мадина Сәдуақасова ерекше қасиеті туралы айтты

  • «Жолдарын ашып жіберем»: әнші Мадина Сәдуақасова ерекше қасиеті туралы айтты

    «Жолдарын ашып жіберем»: әнші Мадина Сәдуақасова ерекше қасиеті туралы айтты

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова әншіліктен бөлек, бойында ерекше қасиеті бар екенін айтты. Белгілі болғандай, өнер иесі өзінің қасында жұмыс істейтін адамдардың жолын ашады екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова өзіне қатысты бұрын-соңды айтпаған тың мәліметпен Instagram парақшасында бөлісті. Әншінің айтуынша, осыған дейін қасында көмекші болып жұмыс істеген жандардың барлығы жақсы қызметтерге шақырту алған.

"Неге осы Мадина Садуакасова көмекшілерін жиі ауыстырады?! Өйткені, маған келгендердің өздері де осал емес, оның үстіне менің де жолдарын ашып жіберетін қасиетім бар сияқты. Мысалы, бұрын менде жұмыс істеген Азамат Шаймерденұлы Роза Рымбаеваға директор болып кетсе, Сәкен Тоқтағұлов қазір продюсер, Саида болса дизайнер болып, Айгерім Қайнарбек өз бизнесін ашты. Ал осыдан 4 ай бұрын келген Айдана креативты директор болып басқа жұмысқа шақыртылды! Енді, бүгін маған жұмысқа Іңкәр келді. Өзі режиссер, сценарист, адамдармен тез тіл табысып кететін қасиеті бар екен. Бізге сәттілікә тілеп қойыңыздар! Шіркін, ұзағынан жұмыс жасасақ екен" , - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының жаңа көмекшісіне сәттілік тілеп, өз қолдауын білдірді. Олар өз көмекшілеріне жылы лебізін жеткізген Мадина Сәдуақасоваға да тәнті болған. 
 

https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/?utm_source=ig_embed




Көрілген: 1609    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 10:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31