Жұлдызды жаңалықтар

"Жұлдыздар адам емес": Өнер адамдарының тойда қырып ақша алатыны рас па?

  • "Жұлдыздар адам емес": Өнер адамдарының тойда қырып ақша алатыны рас па?



Жұлдыздар тойда өнер көрсеткені үшін қанша ақша сұрайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап. 


anshiler


"Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын" деп ән салып, тойдың көркін кіргізетін Абай Бегей тойға алатын қаражатының шет-жағасын айтты.


"Әрбір адам жұмыс жасағанына қарай жалақысын алады. Оны бәріне айта бермейсің. Сол сияқты біздің де өзіміздің табысымыз бар. Елдің алдында жүргеннен кейін тойларға шақырады, қуаныштарымен бөліседі. Ондай жағдайда ән айтып кетуге әрқашан да дайынбыз. Сырт көзге әртістер көп ақша табатын сияқты көрінгенімен, үлкен сомадағы ақшаны алатын да, алмайтын да жер болады. 6 000 доллар, 10 000 доллар деген бағаны бәріне бірдей айта бермейсің", - дейді Абай Бегей.


Ал өнер адамдарының жұмыс кестесін қазақтың қарадомалақ баласы Нұржан Керменбаев айтып берді.


"Қарапайым адамдар демалатын күні өнер адамдары демалмайды. Өнер адамдары адам емес деген әзіл шындыққа жанасатындай көрінеді кейде", - деді Нұржан Керменбаев.


Тойдағы гонорарын айтқанда бірден колькулятор сұраған "Жігіттер" тобы алатын бағаларын жұрттан жасырды. Өйткені жігіттер жағдайға қатты қарайды екен.


"Калькуляторыңызды ашыңыз. Жағдайға қараймыз. Әркімнің шамасы әртүрлі болғандықтан, бар ақшам осы десе де көңілін қалдырмай барамыз. Тегін де сахнаға шығатын кездеріміз жоқ емес. Бастысы бағаны қатты көтергіміз де, түсіргіміз де келмейді. Ондай жағдайларда қадірің қалмай қалады", - дейді Айдар Тұрғанбек. 


Жігіттер тобындағы ағаларынан үлгі алып жүрген Әбдіжаппар Әлқожа да той жасайтын адамның жағдайын ескеретін көрінеді.


"Гонорарымды айтпаймын, халықтың арасында біреудің жағдайы жетеді, біреудің жағдайы жетпейді", - деп қысқа қайырды Әбдіжаппар Әлқожа.


Өнер жұлдыздарының ішінде гонорарын білмейтінде де бар. Солардың бірі Дана Кентай.


"Менің продюсерім бар. Бағасын мүлдем сұрамаймын. Ең алғаш сұраған кезде, сен оған басыңды қатырмай-ақ қой деген. Содан кейін бұл әңгімені қозғамайтын болдым", - дейді ол.


Жұлдыздардың өздері тойға шығу ақысын жасырғанымен, көмекшілері ашығын айтты. Мөлдір Әуелбекованы Шымкенттегі тойыңызға шақырғыңыз келсе , 5 мың АҚШ долларын дайындаңыз. Ал атақты жұп Бүркіт пен Айшаның Ақтау қаласына келгенін қаласаңыз, 7 мың доллар, Ақтөбеге Қайрат Нұртас келсін десеңіз, 9 мың доллар, Нұрболат Абдуллинге 6 мың доллар, Ұлы дала баласы Төреғалиға 8 мың доллар беруіңіз қажет.


Ал  Айгүл Иманбаева 4 мың доллар, Алтынай Жорабаева 4 мың доллар, Әбдіжаппар Әлқожа 4 мың доллар, Абай Бегей 1 миллион, Жазира мен Жанболат 1,5 миллион, Айгерім Қалаубаева 1 миллион сұрайды. Әншілерден бөлек тойыңызды бастан аяқ басқарып, жұрттың көңілін көтергіңіз келсе, Тұрсынбек Қабатовты 15 мың долларға асаба ретінде жалдасаңыз болады. Бұл бағаның ішіне жатын орын мен ұшақ билетін кіргізбейтін әншілер бар. Той десе кеңінен көсілетін қазақ үшін мерекесіне өнер адамын шақыру сөз емес сияқты. Өйткені бір Жазира Байырбекованың өзі 10 жыл бойы қыз ұзатып келгенін айтты.


 



 

 




Көрілген: 1747    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.04.2019, 15:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31