Жұлдызды жаңалықтар

Жұлдыздар шынымен "ажырасып" жатыр ма: Маркетолог құпияны ашты

  • Жұлдыздар шынымен

    Жұлдыздар шынымен "ажырасып" жатыр ма: Маркетолог құпияны ашты

Трендтен түспей, ақшаны көп тапқысы келетін жұлдыздар арасында ажырасу көбейіп кетті. Шоу-бизнес өкілдері мен блогерлер әлеуметтік желі арқылы кірісін көбейту үшін түрлі оқиғаларды ойлап тауып, аудитория назарын өздеріне аударғысы келеді. Ондағы мақсат – курстарын сатып, табыс табу, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде оқырмандарды қамту, фоллоуер санын және табысын арттыру үшін түрлі іс-әрекетке баратын шоу-бизнес өкілдері мен блогерлер тағы да бір әдіс ойлап тапты. Ол – аудитория үшін ажырасу. Мұндайды сарапшылар айтуда. Олардың пайымынша, жалпақ жұрттың назарын аударып, құлағын елең еткізетін кез келген оқиға алдын ала жоспарланады. 

“Қазір сторителлинг деген техника бар. Қазір сол арқылы әлеуметтік желіде оқырмандарды қамту мен аудиториясын жоғарылатады. Өзінің өмірі туралы айтады. Соның ішінде ажырасу бар. Ол көп қозғалып кетті. Біреу шынымен ажырасып жатса, біреу өтірік істейді. Аудитория үшін соның жолын құрады. Сториде осылай шығамын, осылай айтамын деп жоспар құрады”, – дейді маркетолог Гүлфарам Тайпозова. 

Сторителлинг әдісі шетелде бұрыннан қолданылады. Оның түпкі мақсаты – өз табыстарын жоғарылату. 

“Мысалы Джей Ло мен Аффлек солай қолданған. Сол сияқты Ресейдегі жұлдыздар да қолданады. Соған көргеннен кейін, Қазақстанда бұндай жағдайлар көбейіп жатыр. Жұлдыз болсын, болмасын бәрі курс сатып жатыр. Бұл – сол курстарға алдын ала дайындық жасау әдісі”, – дейді маркетолог. 

Ал қоғам белсендісі Қарлығаш Бекпатшаның айтуынша, қазіргі қоғам – атаң-даңқ үшін ештеңеден тайынбайды. 

“Біріншіден – өте ұят. Екіншіден – бала-шағасының, туған-туысының алдында, ел-жұрттың алдында жауапкершілік болу керек. Оны апарып халықтың талқысына салады. Тіпті ол болған күнде де өзің шешуің керек. Қандай жағдай болмасын. Ал болмаған жағдайды болды деп жариялау жамандықты шақыру болып есептеледі”, – Қарлығаш Бекпатша.

Ел алдында жүрген жұлдыздардың қосылып ажырасуы әдетке айналған. Кімнің рас, кімнің хайп үшін әдейі сторителлинг ойлап тапқанын ажырату қиын. 




Көрілген: 936    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.12.2021, 19:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31