Жұлдызнама. Осы айда қай жұлдыз өкілдерінің алдында күрмеуі қиын таңдау тұр

14 шілде 2022, 20:03

Ресейлік астролог Инга Слиж үш жұлдыз өкілдерінің 2022 жылдың шілде айының соңына дейін күрмеуі қиын таңдау жасауына тура келетінін айтады. Олар - арыстан, бикеш және тауешкі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ftimes.ru сайты Арыстандарға шілде айының екінші жартысы қиынға түседі деп жазады. Әсіресе, басшылық лауазымды атқаратындар үшін қиын болады.

Астролог осыған байланысты бұл белгідегілер тұрғылықты жерін өзгертуі мүмкін екенін айтады.

Алда тап келетін "жаңа есіктерді" ашуға дайын болыңыз, осы сөздің тура және ауыспалы мағынасында да.
Бикештерге ескі қарым-қатынас пен әдеттерден аулақ болу ұсынылады: өзгеріс қажеттігін өзіңіз де жақсы түсінесіз ғой.

Батыл болып, өзіңізді төменге сүйрейтін, дамуға мүмкіндік бермейтін арадағы байланыстарды еш өкінішсіз үзіңіз.
Жұлдыздар Тауешкінің де төзімін сынап көрмекші. Сарапшылар бұл белгі өкілдеріне мойынға түскенді сол қалпында қабылдап, өзгеруге ден қою керектігін еске салады.

Өзгерістен және өзгеруден қорықпаңыз, алда сізді бұрынғыдан да жайлы әрі бар өмір күтіп тұр.