Жұлдызды жаңалықтар

"Қанша қыздың бетін ашқанымды білмеймін": Жандарбек Бұлғақов өмірдегі өкініші, жеткен жетістіктері туралы

  • "Қанша қыздың бетін ашқанымды білмеймін": Жандарбек Бұлғақов өмірдегі өкініші, жеткен жетістіктері туралы

Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов Talim TV online арнасына сұхбат беріп, ата-анасының разылығы, қанат бітіретін жылы сөзі, сағынатын адамдары туралы айтып берді. 

Ата-анаңыз сізге риза ма деген сауалға Жандарбек: "Кез-келген ата-ана ризамын деп айта береді ғой. Жаман баласы болса да, оны кім жаман деп айтады? Сондықтан әке-шешемнің өзінен сұрау керек шығар. Бірақ менің бір байқағаным, мотивация деген сөз үлкен трендке айналып кетті ғой қазір. Бірақ ата-ананың бір ауыз жылы лебізі балаға кәдімгідей қанат бітіреді екен. Оны қайдан байқадым? Үй салғанда байқадым, шамалыдан кейін қажисың. Психологиялық тұрғыдан, физикалық тұрғыдан шаршайсың да. Ақшаң бар бірақ жұмыс бітпейді. Дүниедегі ең жаман проблемалар ақша шешпейтін, адам шешпейтін проблема екен. Жұмыс неге өнбейтінін білмеймін. Сондай кезде адам "Эй балам, не болды, еңсең түсіп кетіпті ғой, бүгін сен бізге үй салсаң, ертең сенің балаң саған үй салады. Көтер еңсеңді" деген сөзді аңсайды екенсің. Бірақ қазақы менталитетте мұндай сөздер айтылмайды. Сонда ойлаймын да, неге біздің әке-шешеміз сондай сөздер айтпайды екен деп. Сол жерде осындай сөз болса, маған қанат бітіп, мен мына жұмысты қопарып шығамын деп сезесің ғой. Адамдардың бір жылы сөзі - жарының күйеуіне, ата-анасының баласына, кәдімгідей қанат бітіреді екен. Бізде "Не болды өрт сөндіргендей, қабағың түнеріп отыр ғой, бітті ма құрылыс, болсаңдаршы жатып қалдыңдар ғой деп " дейді ғой", - деп күлді айтыскер ақын. 

"Ашуланған кезде ата-ана, жарына ауыр сөз айтып қоюың мүмкін, сосын ол адамның көңілін табу үшін қаншама жұмыс жасауың керек. Оның үстіне ол адам ренжігенін айтса жақсы, сен осындай сөз айтып едің деп. Ренжігенін сол күйі сақтап кететін адамдар бар. Ал айтқаны жақсы, одан кешірім сұрап үлгересің. Ашуланып тұрған кезде адамға тіл қатпаған дұрыс", - дейді ол.

Кешіре алмайтын нарселер туралы Жандарбек "Кешірім" деген өлең жазғанымен кешіру қиын екенін айтады.

"Ішкі тәкаппарлығың, эго ойнаған кезде мен неге кешіремін деп ойлауың мүмкін. Кешірімді қателескен адам ғана сұрау керек деген ұғым бар ғой. Өзінікі дұрыс болса да кешірім сұраған үлкен мәрттік деп ойлаймын", - деді Жандарбек Бұлғақов.

Сағынатын адамдардың қатарында өнерпаз Жақсылық Үшкемпіровті, Бейсен Құранбекті атады: "Орны ойсырап көрініп тұрған адамдарды сағынады екенсің, осы жерде отырғанда ғой деп".

Қанша қыздың бетін аштыңыз деген сауалға Жандарбек нақты санын атауға қиналатынын айтады. 

"Оны есептеу керек шығар. Тоғызыншы класстан бастап айтысқа шықтым, содан бастап келінімнің бетін ашып бер, баламның тұсауын кесіп бер, әкеме арнау айтып бер деген ұсыныстар көп қой. Оның есебін білмеймін. Айтыстан көп", - деп күлді ол. 




Көрілген: 1535    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.02.2021, 17:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31