Жұлдызды жаңалықтар

"Қаншалықты дұрыс?": Блогер Әсел Баяндарова Тоқаевқа арнап видеоүндеу жариялады (видео)

  • "Қаншалықты дұрыс?": Блогер Әсел Баяндарова Тоқаевқа арнап видеоүндеу жариялады (видео)



Блогер Әсел Баяндарова Instagram желісінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап видеоүндеу жариялады. Онда блогер полиция полковнигінің анасын қағып кетіп, ендігі өзінен ақша талап етіп етіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 



Әсел Баяндарова желіде жариялаған жазбасында «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу» деп жазған. 


«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менен эмоцияға құқығымды, наразылық білдіруге және ашулануға құқығымды, қорғануға және сөз еркіндігі бойынша құқығымды тартып алмақ. Былтыр полиция полковнигі Серік Айшуақов жолдың жаяу жүргіншілерге арналған өткелінде анамды қағып кетті. Полковник өзінің «түсінік» бойынша өмір сүретін мент» екенін және менің, қарапайым дәрігердің, онымен дауласуға шамам жетпейтінін айтты», - деп бастады Баяндарова.


Блогердің сөзінше, полиция полковнигінің кінәсін дәлелдейтін тікелей айғақтар табылған. Оның анасын қаққан сәті видеоға түсіп қалыпты.


«Полковник өш алуға уәде берді. Себебі, оның сөзінше, «мен «қатын» ретінде «ментті» төмендете алмаймын». Сондықтан ол 35 миллион теңге және менің барлық мүлкімді алғысы келеді. Ал оның қорғаушылары процессті бірнеше рет тоқтатуға тырысып, менің қорғанатын жалғыз құралым, яғни даусым мен сөз еркіндігімді тартып алмақ. Мен түсінік бойынша емес, заң бойынша өмір сүремін. Менің таныстарым жоқ және мәселелерді «шеше алмаймын». Иә, қаржылық тұрғыдан менің полиция полковнигімен тартысуға әлім жетпейді. Мен – қарапайым қазақстандық әйелмін. Жалғыз өзім кәмелетке толмаған баламды өсіріп, қарт анам мен мүгедек інімді бағып, күтудемін», - дейді блогер.


Сонымен қатар ол видеоүндеу арқылы көмек сұрамайтынын айтты. 


«Мен тек ойлануға шақырамын. Себебі ертең кез келген адам менің орнымда болуы мүмкін. Біреудің анасы, әпкесі, сүйіктісі.


Құрметті президент, егер «түсінік бойынша өмір сүретін полицейдің» пайдасы үшін заңдылық жүйесін қорғансыз әйелді жазалайтын құрал ретінде қарсы айналдырып көрсетсе, барлығы қаншалықты дұрыс келе жатыр?» - дейді Әсел Баяндарова.


 








 


 


 




Көрілген: 202    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 13:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30