Жұлдызды жаңалықтар

Карантин шулы да, даулы оқиғаларға толы уақыт болды

  • Карантин шулы да, даулы оқиғаларға толы уақыт болды

    Карантин шулы да, даулы оқиғаларға толы уақыт болды

Карантинде отырған әртістердің шығармашылығы тоқтап қалғанымен, олардың есімдері отандық басылым беттерінен түспеді. Өйткені шоу-бизнестегі бауырлар мен аға-інілер онлайн айқасқа түсіп, инстаграмда бірін бірі әшкерелеумен болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәселен, соның бірі – Гауһар Әлімбекова. Бұл осы айдың басында Гауһар Әлімбекова мен кәсіпкер Серік Мәмреев арасындағы дау. Талай тойға мұрындық болып жүрген Серік мырза Әлімбековамен оның концертін ұйымдастыратын болып келіскен. Бірақ межелі уақыт жеткенде Мәмреев билеттердің өтпегенін және концерттердің болмайтынын айтқан. Ал әншінің бұған сенгісі жоқ.

"Менің концертім ешқашанда өтпей қалған емес. өзіңіз білсеңіз Алматыда да, любой жерде, кез келген жерде менің концертім аншлагпен өтіп жүр. Ол өзі ұйымдастыра алмаған адамның әншейін анаған жаба салған кінәсі", - деді әнші Гауһар Әлімбекова.

Алдын ала екі миллион бердім деген кәсіпкер әліге дейін ақшаны қайтарып ала алмай жүрген көрінеді. Ал Әлімбекованың өзі болса «бергені қаламақы емес, кепілпұл. Ал кепілпұл қайтарылмайды» деп бекініп отыр.

"Екі миллионын алам, бір қағазына қолымды қойып беремін. Оны көрсетіп жүр екен ғой инстаграмда салып: «осындай қол қойды, анау-мынау» деп та. Мен оны алмадым деп тұрған жоқпын. Алғаным рас", - дейді әнші.

Карантинде елді елең еткізген – Ернар Айдар жарнамалаған лотерея ойыны. Аталмыш оқиғадан біраз шу туындап, нәтижесінде бірнеше ұйымдастырушы темір торға тоғытылған болатын. Ал Ернардың өзі болса, бұл істе тек куәгер болғанын айтты.

Сол ұтыс ойынын ұйымдастырған ұйымдастырушылардың барлығы қамауда. Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол тергеу жұмыстарының әділ өтуіне мен де өз тарапымнан көмегімді беріп жатырмын. Сол тірлікке жарнама жасаймын деп, мен де алданып қалдым ағайын", - деді әнші Ернар Айдар.

Ал желіде ашық айқасып, казнетте қызу талқыға түскен Уәлибек Әбдірайымов пен Нұрлан Қоянбаев болды. Ағасының «киноны тек қазақ тілінде таспалаңдар» деген сынына ренжіген Нұрлан да өз парақшасында Әбдірайымовқа арнап, өкпелі пост жариялаған-ды. Ал Уәлибек мырза соңына дейін өз айтқанынан қайтпады.

"Сол орысша-қазақша араласқанды мен кешіре алмаймын енді. Өзіңді көрсету мақсатында, кино түсіре алатыныңды білдіру мақсатында қаржыңды жинап алып, осындай әрекетке баруға болатын шығар. Ал енді ол әрекеттен өткеннен кейін, енді ұлтыңызға қарай қызмет істегендеріңіз дұрыс болады-ау", - дейді әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов.

Тіпті інісінің ісіне қарны ашқан әзілкеш, оған өз ақылын айтқан еді.

"Өтініш менен, қазақ тілі кемпір-шалдың тілі, болмаса ауылдан келген алаңғасарлау баланың тілі болмасын", - деді әзілшек Уәлибек Әбдірайымов.

Карантин кезі – дертімен ғана емес, жұлдыздар арасындағы шумен де тыныш болмағаны анық. Бұған тікелей дәлел – жоғарыда аталған айқастар, деп айтылды revue news бағдарламасында.

 

 




Көрілген: 353    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.06.2020, 09:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31