Жұлдызды жаңалықтар

Қаржы пирамидаларын жарнамалаған шоу-бизнес өкілдері жауапқа тартылуы мүмкін

  • Қаржы пирамидаларын жарнамалаған шоу-бизнес өкілдері жауапқа тартылуы мүмкін

    Қаржы пирамидаларын жарнамалаған шоу-бизнес өкілдері жауапқа тартылуы мүмкін

Қаржы пирамидаларын жарналамалаған шоу-бизнес өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Өйткені, олар заңға сәйкес қылмыстық істі жарнамалағанынан хабардар болуы керек еді. Ал мыңдаған адамды сан соқтырған "Гарант 24 Ломбард", "Выгодный займ", "Эстейт ломбардқа" қатысты түскен шағымдар саны 3 мыңнан асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

гарант

"Жалған тарату және қаржылық пирамидаларды жарнама жасау үшін әкімшілік құқықбұзушылық кодекс бойынша жауапкершілік бар. Оны тергеу барысында тексереміз. Тінту барысында 42 мыңнан астам келісім-шарттар алынған. Сондықтан арыз берушілердің саны күн сайын көбейеді деп айтуға болады", - деді Санжар Әділов, ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы.

 

Аталмыш қаржы ұйымыдарына қатысты еліміздің 13 өңірінен шағымдар түсіп жатыр. Бұған дейін қаржы пирамидаларының 13 өкілі тергеуге алынса, олардың санын тағы екеуі толықтырды. Ал мемлекетаралық іздеу жарияланғандардың саны 9-дан 12-ге жетті. Оның екеуі шетел асқан. Ресей мен Қырғызстанға кеткен деген ақпараттар бар. Ішкі істер министрлігі екеуінің соңынан арнайы топ жіберіпті. Қаржы пирамидаларының мүлкін тінту барысында атышулы ломбардтарға тиесілі 40 миллион теңге тәркіленіп, 21 пәтер мен 3 үй және 30 астам көлік бұғатталған.




Көрілген: 246    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 11:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30