Жұлдызды жаңалықтар

«Қатыннан қатынның артықшылығы...»: Сәбит Әбдіхалықовтың жазбасына көпшілік елең етті

  • «Қатыннан қатынның артықшылығы...»: Сәбит Әбдіхалықовтың жазбасына көпшілік елең етті

    «Қатыннан қатынның артықшылығы...»: Сәбит Әбдіхалықовтың жазбасына көпшілік елең етті

Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов желідегі парақшасына ой саларлық жазба жариялады. Оның әсіресе, Төле бидің айтқан сөзін желіге жариялағаны көпшілікті назарын аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Төле би айтқан екен: "Жылқыдан жылқының артықшылығы етінде де емес, жүзден жүйрік  мыңнан тұлпарлығында да емес, түбінде біз оны жейміз. Сондықтан бір-ақ асым еті артық. Ал қатыннан қатынның артықшылығы сұлулығында емес, тұла бойында да емес. Сұлу болсын болмасын, əр қатынның өзіне жарасымды қылығы болады. Сондықтан қылығы артық.

Ал жігіттен жігіттің артықшылығы, ол мыңды басқарған батыр болсын, қол басқарған қолбасшы болсын, ел басқарған хан болсын, артықшылығы онда емес. Ер жігіттің артықшылығы бір-ақ ауыз сөзінде, егер сол сөзінде тұра білсе" деген екен...", - деп  жазды актер.

Осы орайда, үш рет отбасын құрған өнер иесінің бұл жазбасын оқырмандары қызу талқылады. Бірі оның пікірімен келісссе, енді бірі ер кісілердің сөзінде тұрмайтынын жазып, ренішін жеткізді.

Мәселен: "Тух, шіркін сөзінде тұрса қанекей!","Сөзімізде тұрып жүрейікші дейсің ғой", "Бірақ кейбір ерлер сол әйелдеріне берген бірауыз сөзінде тұра алмайды", "Керемет теңеу", "Тауып айтқан", - деп пікір жазушылардың қарасы қалың.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі ұл туғанын хабарлағанбыз.
 




Көрілген: 9103    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 12:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31