Жұлдызды жаңалықтар

Қайрат Нұртас 8 мың доллар: Қазақстандық әншілер бір тойдан қанша ақша алады

  • Қайрат Нұртас 8 мың доллар: Қазақстандық әншілер бір тойдан қанша ақша алады

    Қайрат Нұртас 8 мың доллар: Қазақстандық әншілер бір тойдан қанша ақша алады

Шоу-бизнес әншілері бүгінде шоудан бөлек тойдан табыс табады. Әр әншінің әр тойдан алатын қаламақысы әртүрлі. Қаламақысынан бөлек, қонақ үйі мен ұшақ бағасын жеке талап етеді. 

Қайрат Нұртас 8 мың доллар: Қазақстандық әншілер бір тойдан қанша ақша алады

Әншілердің тойдағы қаламақысын журналист Данияр Есен біліп көрді. Ол әншілерге той иесі ретінде хабарласып, қанша гонорар сұрайтынын білді. Видео желіде тарады. 

 

Әншілердің өзі емес, көмекшілері немесі әкімшілері жауап берді.

Мәселен, Қайрат Нұртас бір тойға шығу үшін 8 мың доллар сұрайды. Бұл ұшақ бағасынан бөлек. Егер тойға шақырғыңыз келсе, бір бизнес-класс, бір эконом-класста екі билеттің құнын төлеуге тиіссіз. 

Нұрболат Абдуллиннің қаламақы құны - 6 мың доллар. 

Әншілер өзімен бірге көмешісімен бірге жүретіндіктен, той иелерінен екі адамға билет алуды сұрайды. 

Ерке Есмаханның қаламақысы 5 мың доллар. Ұшақ бағасы бұл сомаға кірмейді.

Қарақат Әбілдина 3 мың доллар. Мәдина Сәдуақасова 1 миллион теңгеге тойға шығады. 

Журналист Данияр Есен ақшаны ауаға шашпай, етек-жеңді жиятын кез келді деген ойын айтты. 

Желі қолданушылары да қомақты қаражат сұрауды әдетке айналдырған әншілерге ақша шашпау керек екенін айтып жатыр. 

"Сол ақшаны жетімдерге немесе мұқтаж отбасыға берсеңдерші", "Сонша ысырап қылып әншілерді  байыттыңдар", "Ақшасы көп адамдар өздері біледі де", "Қайырымдылыққа беріңдер, содан сауап аласыңдар", - деп жазды олар. 

 
 

 




Көрілген: 1070    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.05.2020, 09:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30