Жұлдызды жаңалықтар

Қайрат Түнтеков: Мен "жұлдыз" ауруымен ауырдым, бәріне өзім кінәлімін

  • Қайрат Түнтеков: Мен

    Қайрат Түнтеков: Мен "жұлдыз" ауруымен ауырдым, бәріне өзім кінәлімін

Қайрат Түнтеков өзінің бір кездері "жұлдыз" ауруына шалдыққанын мойындады. Жастықтың отымен, танымалдықтың шыңы әншінің менмендігін оятып, өзіне деген сенімділігін арттырған. Алайда бұл ұзаққа созылмаған. Үлкен сабақ алдым деген әнші ол ісіне өкінетінін жеткізді. 

Бұл туралы "Талқылайық" бағдарламасында айтылды.

Қайрат Түнтеков 2012 жылы жол апатын себепкер болып, ол үшін заңды түрде жауапқа тартылғаны белгілі. Атышулы істен кейін әншінің өзі де сахнадан көрінбей кетті. Сағынған көрермені сүйіктісі әншісін бірнеше жылға дейін жоғалтып алды. 

"Мен бір кездері "жұлдыз" ауруымен ауырғанымды мойындаймын. Сәл-пәл "жұлдыз" болып кеттім. Ол рас. Өзіме сенімді болдым. SuperStar KZ жобасынан кейін бірнеше продюсермен жұмыс істедім. Бірақ менің көңілімнен шықпады. Сосын 2009 жылдан бастап Динара Адаммен келісімге келдім. Ол кісі - ақылды адам. Мен үшін де, ол кісі үшін де табысты, жақсы болды. Динара Адаммен жұмыс істеген ұнады. Телевизия саласының маманы. Алайда продюсер ретінде менімен алғаш рет жұмыс істеген еді. Бір-біріміз үшін жақсы тәжірибе болды. Алайда мен өзім бөлек шыққым келді. Менің айналамдағы адамдар "бөлек шық" деп қолқа сала бастады. Менің ол кезде танымалдығым артып тұрған кез. Өзіме сенімді болдым. Өзімді жұлдыз сезіндім. Өзгелердің сөзі әсер етті. Сондықтан Динара Адаммен қош айтыстым. Ол кісі бірнеше рет ойымнан айнытып көрді. Мен көнбедім. Жылап қоштасты", - деді әнші. 

Қайрат бөлек әнші ретінде біраз уақыт жұмыс жасап көргенін жеткізді. Алайда бір рет сүрінем деп сахнадан мүлде жоғалып кетті. 

"Мен ән жазып, бейнебаян түсіріп, біраз жүрдім. Кейін жол апаты болды. Одан кейін күйзеліске түстім. Қанша адам көмектескісі келді. Жұмыс істегісі келді. Ешнәрсеге зауқым болмады. Бәрінен бас тарттым. Ішімдік іштім. Бәрі қаңырап қалды. Мүмкін Динара Адаммен әлі күнге дейін жұмыс істегенде бәрі басқаша болар ма еді. Мен ол кісімен қоштасқанымен өкінемін. Мен қателік жасадым. Қазір сол кезде ақыл айтқан адамдардың ешқайсысы қасымда жоқ. Ал мен жалғыз қалдым. Қарызға баттым. Солай ісім тұралап қалды", - деді Түнтеков. 

Дегенмен Түнтеков ауыр күндерді жеңгенін, бәрі артта қалғанын айтты. Бүгінде бәрін қайта бастап, шығармашылығын қолға алған. 

Бұған дейінгі бір сұхбатында Түнтеков "өз елім мені бағаламады, мен шетелге кетемін" деген өкпесін айтқан еді. Бірақ бұл ойынан айнып қалған. Әнші шетелге тек тәжірибе алу мақсатында баруға дайын екенін жеткізді. 

"Мені шетелге шақырса, барар едім. Бірақ біржола барамын деп айта алмаймын. АҚШ-қа барғым келеді. Өнеріме қолдау болс,а барар едім. Бірақ Шымкентіме, еліме қайтып ораламын. Ол жақта біржола тұра алмас едім", деді ол. 




Көрілген: 3491    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 01:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31