Жұлдызды жаңалықтар

«Қайта тұрмысқа шыққым келмейді»: Сиви Махмуди ажырасуына қатысты жауап берді

  • «Қайта тұрмысқа шыққым келмейді»: Сиви Махмуди ажырасуына қатысты жауап берді

    «Қайта тұрмысқа шыққым келмейді»: Сиви Махмуди ажырасуына қатысты жауап берді

Сиви Махмуди жұбайымен неліктен ажырасты? Әнші екінші рет тұрмыс құруы мүмкін бе? Осы және өзге сауалдарға Сиви Instagram парақшасында жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бірер күн бұрын Сиви 10 жыл отасқан жары Аңсармен ажырасқанын айтты. Экс-жұбайлар үйленгенге дейін 2 жыл қыз-жігіт болып кездескен. Бас-аяғы 12 жылды бірге өткізген Сиви мен Аңсар былтыр ат құйрығын үзіскен. Алайда әнші жеке өміріне қатысты бұл жаңалықты тек биыл жария етті. Instagram-дағы парақшасында Сиви қайта тұрмыс құру туралы сауалға жауап берді.

Алғашқыда: 
"Қайта тұрмысқа шыққым келмейтін сияқты", – деп кесіп айтқан ол кейіннен бұл сұрақты болашақтың еншісіне қалдыратынын жеткізді. 

Сондай-ақ, әнші ажырасу себебін айтудан бас тартты. 

"Себебі ол ортақ балаларымыздың әкесі. Барлығына жақсылық тілеймін", – деді Сиви.

Әншінің бұл некесінен екі ұлы мен бір қызы өсіп келеді. Үш баланың арасы 1 жастан. Өмірін отбасына арнаған әнші үш рет отаға түскенін, алайда оған еш өкінбейтінін айтады. 

"Мен үш жыл қатарынан кесарь тілігімен үш бала тудым. Өте ауыр болды. Бірақ қазір өкінбеймін, мен бақыттымын", - деді ол.




Көрілген: 956    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.12.2021, 23:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31