Жұлдызды жаңалықтар

Қазақ эстрадасындағы тарап кеткен танымал топтарды білесіз бе

  • Қазақ эстрадасындағы тарап кеткен танымал топтарды білесіз бе

    Қазақ эстрадасындағы тарап кеткен танымал топтарды білесіз бе


Қазақ сахнасында жарқ етіп, отандық шоу-бизнестің дамуына үлес қосқан, бірақ кейін тарап кеткен танымал топтар аз емес. Sputnik Қазақстан осындай музыкалық ұжымдар жайлы ақпарат ұсынады.


 

 

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


АБК


Топ 1990-шы жылдардың ортасында Медеу Арынбаев, Қыдырәлі Болманов, Ерлан Көкеевтің бастамасыман құрылған.


1996 жылы топ "Тамшылар" әнін жазып, халыққа белгілі болды. Кейін "Қайдасың", "Говори о любви мне", "Айсұлу", "Бiр тамшы жас", "Ботақаным" секілді хит туындыларды орындады.


Топтың беделіне қарамастан алдымен ұжымнан Ерлан Көкеев кетті. Кейін топ та тарады. Десек те, трио ерекше орындау мәнерімен және сапалы музыка ырғағымен халық жадында қалды.


Бүгінде олардың үшеуі де ел сыйлайтын азаматтар қатарында.



Нұр-Мұқасан


Әншілер творчествалық жолын 1990-шы жылдардың басында "Бауыржан-шоу" театрынан бастады. Бұл топтың "Махаббат мәңгі ертегі", "Құдаша қыз", "Не пайда", "Бақытыңды жырлайды", "Іздеймін сені", "Неткен өмір" сияқты әндерін халық зор ықыласпен қабылдады.


"Нұр-Мұқасан" дуэті 25 жыл бойы жұптары жазылмай сахнада өнер көрсетті. Олар 2015 жылы айтулы датаны атап өтіп, жеке кештерін өткізбекші болған. Бұл туралы Нұрлан Қонысбаев қазақстандық журналистерге берген сұқбатында айтқан еді.


Алайда бір жылдан соң "Нұр-Мұқасан" тарап кетті. Бұны Мұқасан Шахзадаев растады. Ол соңғы кездері жеке шығармашылығына көңіл бөліп жүргенін мәлімдеген. Ал "Хабар" телеарнасына берген сұқбатында топтың тарауы солистердің жеке мәселесі екенін атап өтті.


"Біріншіден, халыққа рақмет айтамын. Олар "Нұр-Мұқасан" тобын іздеп, оның қайта бірігуін қалайды. Дегенмен бұл өмір. Топтың тарағаны өзімізге де өкінішті. Бұның себебін жариялаудың қажеті жоқ деп санаймын. Бұл Нұрлан екеуміздің арамыздағы дүние", - дейді Шахзадаев.



Бәйтерек


2000-шы жылдары қазақ эстрадасында жұлдызы жанған топтың бірі – Бәйтерек". Оның құрамында Ерлан Малаев, Нұркен Өтеуілов, Сайлау Қамиев өнер көрсетті.


Әншілердің негізгі мамандығы актер болса да, олардың орындауындағы "Ханшайым", "Сен" әндерін халық жылы қабылдаған. Олар осы күнге дейін қазақстандықтардың сүйікті әндері қатарында. Ал қазір әншілер актер ретінде еңбек етіп жүр.



Домино


Топтың негізі 2005 жылы қаланды. Топта Шолпан Бейсенова, Закир Егембердиев және Антон Фост өнер көрсеткен.


Жастардың "Айым-ай" әнін халық жақсы қабылдады. Кейін трио белгісіз себептермен сахнаға шықпай кетті. Ал 2012 жылы "Пилот" тобының бұрынғы мүшесі Дәурен Байназаров "Доминоның" музыкалық продюсері болды. Ол "Капелька яда", "Лови дыхание мое" әндерін жазды.


Топтың жұмысы жандана бастағандай көрінген, алайда бір жылдан соң ұжымнан Антон Фост кетті. Закир Егембердиев бүгінде онымен байланысу қиын дейді. Дегенмен ол Антонның үйленгенін, Алматыда тұратынын айтқан.



Metis's


Творчествалық ұжым 2006 жылы құрылған. Топта Руслан Седьмой, Валерий Задарновский, Айза Галиева өнер көрсетті. Олардың "Выше руки", "Звон бокалов" әндерін тыңдармандар жоғары бағалады.


Сондай-ақ, музыкалық топ Ақан Сатаевтың "Рэкетир" фильміне саундтрек жазды. Кейін Metis's тобы тарап кетті.



Арнау


Топтың негізі 2000-шы жылдары қаланды. "SuperStar" жобасы аяқталған соң Нұржан Керменбаев пен Жанар Хамитова "Арнау" құрамында өнер көрсетті. Олардың "Сенен басқа", "Астана менің махаббатым" әндерін тыңдармандар сүйіп тыңдады.


Кейін Керменбаев пен Хамитова көңіл жарастырды. Алайда жұлдызды жұп көп ұзамай айырылысып кетті. Топтағы Жанардың орнын Салтанат Бақаева басты. Биыл Жанар Хамитова қайтыс болды. Кейбір болжам бойынша, ол өз-өзіне қол салған.


Нұржан мен Салтанат жемісті еңбек етіп, "Егіз лебіз", "Адалдық", "Аңсарым сен", "Сүйе берем", "Махаббат жыры", "Сағындың ба?" әндерін жазды. Алайда 2014 жылы "Арнау" тобы жұмысын тоқтатты.



 


 


 



 





Көрілген: 493    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 13:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30