Жұлдызды жаңалықтар

«Қазақстан азаматтығын алған «келімсектерге» де жер сатылмасын!» - Балғынбек Имашев

  • «Қазақстан азаматтығын алған «келімсектерге» де жер сатылмасын!» - Балғынбек Имашев

    «Қазақстан азаматтығын алған «келімсектерге» де жер сатылмасын!» - Балғынбек Имашев

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев жер қазақстандықтарға да, Қазақстан азаматтығын алған азаматтарға да берілмесін деген пікірде, деп хабарлады paryz.kz

"Әссәләму ғәләйкум уә рахматуллаһи уә бәрәкәтүһ! Жұма берекелі болсын, жақсыларым. "Жер шетелдіктерге сатылмайтын және жалға берілмейтін болды" деп бөркімізді аспанға атып қуану қандай бейшаралық? Жер деген Мемлекет болудың алғышарты емес пе? Ұлтсыз мемлекет құруға болады. Бірақ, жерсіз мемлекет болмайды!

"Жерді сату - Отанды сату! Біз кешелі бері "Президент Отанды сатпайтын болды" деп қуанып жүрміз. Қасым-Жомарт Кемелұлына рақмет! Даулы мәселенің нүктесін қоюға пәрмен берді. Енді Парламенті бар, басқа да құзырлы органдар осы мәселені күлбілтелемей, кібіртіктемей, шегелеп тастаса жарар еді. Бірақ ең басты мәселе: Жер қазақстандықтарға да сатылмасын!!! Бүгін жемқорлықпен, парақорлықпен болсын, адал кәсіппен болсын (бұл мүмкін бе біздің елде?) дүние жиып үлгерген бай-бағландар, қалаған жерін меншіктеп алып, ертең келетін ұрпақ үй салып, мал бағатын, егін егетін жер түгіл өлігін көметін көр таба алмай, үнділер құсап мәйіттерімізді өртеп жүрмейік", - дейді ақын.

Сондай-ақ ол қазақ қызына үйленіп я болмаса басқа да себептермен Қазақстан азаматтығын алған "келімсектерге" де жер сатылып, жалға берілмесін деген пікірде. 

"Мемлекетті құраушы кім болса, жер де соныкі. Ұлан байтақ жерді қанымен қорғап, ұрпағына мұра қалдырған бабаларымыздың аманатына қиянат жасауға болмайды. Әрине, бұл шешімге қуанбайды емес, қуанамын! Қуана отырып ұяттан қызарамын, ызадан қуарамын. Өз мемлекетіңде отырып өз жеріңе, өз тіліңе, өз дініңе, өз жанұяңа, өз денсаулығыңа қастандық жасалмағанына мәз болып қуану - қандай қасірет?!" - дейді айтыскер.

Желі қолданушылары оның сөзін қолдауда. Мұның орынды сөз екенін айтып жатыр.




Көрілген: 1667    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 16:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31