Жұлдызды жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай бірігіп түсірген фильм АҚШ-та 4 бірдей жүлдені иеленді

  • Қазақстан мен Қытай бірігіп түсірген фильм АҚШ-та 4 бірдей жүлдені иеленді

    Қазақстан мен Қытай бірігіп түсірген фильм АҚШ-та 4 бірдей жүлдені иеленді



Алғашқы қазақ-қытай бірлескен жобасы – «Композитор» фильмі Лос-Анджелесте өткен Golden Screen Awards жүлдесінің 4 бірдей сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


фильм


ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, Shinework Pictures және China film coproduction corporation қытайлық компаниялары бірлесіп түсірген кинотуынды «Үздік ко-өнімдегі фильм», «Үздік әйел адам рөлі» (актриса Аружан Жазылбекова), «Үздік ер адам рөлі» (актер Ху Чжунь) және «Үздік музыка» сыйлықтарымен марапатталды.  


«Мен өте бақыттымын. «Қазақфильм» киностудиясы мен фильмнің  түсіру тобына алғысымды білдіремін», - деді актриса Аружан Жазылбекова.


Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың маусым айында қазақстандық прокатқа шыққан фильм қытайлық композитор Си Синхайдың Совет одағында, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен қазақтың композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды.


Фильмнің әлемдік тұсаукесері IX Бейжің халықаралық кинофестивалінің (The 9th Beijing International Film Festival) конкурстық бағдарламасы аясында өтті. Сондай-ақ бұл картина ХХІІ Шанхай халықаралық кинофестиваліне қатысып, 2 марапатқа лайық деп танылды.


Композитор Бақытжан Байқадамовтың жиенінің рөлін сомдаған жас қазақстандық актриса Ділнәз Нұрсейіт «Үздік жаңа есім» аталымында қытайлық  CCTV-6 телеарнасының жүлдесіне ие болса, фильмінің продюсерлік тобы ұйымдастыру комитетінің құрметті сыйлығын алды.


Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық актрисаның фильмдегі рөлі АҚШ-та үздік деп танылғанын хабарлаған едік. 


 



 

 




Көрілген: 713    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.11.2019, 14:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31