Жұлдызды жаңалықтар

Қазақстандық ару башқұрт "Джастин Биберінің" клипіне түсті (видео)

  • Қазақстандық ару башқұрт

    Қазақстандық ару башқұрт "Джастин Биберінің" клипіне түсті (видео)

Ақтаулық ару, Miss Virtual Kazakhstan байқауының финалисі башқұрт "Джастин Бибері", Elvin Grey сахналық лақап атымен өнер көрсететін әнші Радик Юльякшиннің бейнебаянына түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: lada.kz/ Муслим Закарьяев

Фото: lada.kz/ Муслим Закарьяев

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте

"Я Рабби" атты музыкалық бейнебаян YouTube желісінде 5 желтоқсан күні пайда болды.

Жаңа туынды Башқұртстанның қос жұлдызы- Elvin Grey атымен танымал Радик Юльякшин мен оның лейбл бойынша әріптесі Бабек Мамедрзаевтың бірлескен жұмысы болды. Айта кетейік, Мамедрзаев осы жылдың жазында көпшіліктің жүрегін "Принцесса" әнімен жаулаған еді.

Осы тұста клипте бой көрсеткен қазақстандық ару Милана Закарьяева Lada.kz сайтына бейнебаян түсірілімінің барысы туралы баяндап берді.

Фото:

Фото: "Я Рабби" клипінен кадрлар/YouTube

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте

Милананың сөзінше, ол осыған дейін де түсірілім жұмыстарына қатысқан. Бойжеткен Miss Virtual Kazakhstan байқауында екінші орын иеленген соң бейнебаяндар мен жарнамаларға, фильмдерге түсуге көп шақырту алған.

Алайда, қазақстандық сұлу дәл осы әншілермен жұмыс істеуге қызығушылық танытыпты. Себебі, ол осыған дейін де олардың шығармашылығымен, "Принцесса" және "Черноглазая" сынды хит әндерімен таныс болған.

Сахналық көріністер алғашында Дубайда түсіріледі деп жоспарланғанымен, дайындық жұмыстары ұзаққа созылғандықтан, түсірілім Маңғыстауда өткен.

Милананың айтуынша, ол қатысқан сахналар екі күнде түсірілген.

 

 




Көрілген: 1994    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.12.2019, 11:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30