Жұлдызды жаңалықтар

Қазақстандық танымал әнші Динара Сұлтан алтыншы сәбиін дүниеге әкелді

  • Қазақстандық танымал әнші Динара Сұлтан алтыншы сәбиін дүниеге әкелді

    Қазақстандық танымал әнші Динара Сұлтан алтыншы сәбиін дүниеге әкелді

Қазақстандық танымал әнші Динара Сұлтан алтыншы сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Көпбалалы әнші өміріндегі қуанышпен өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

«Адамнан адам шығу оңай емес… Қош келдің ұлымыз. Алла Ұлық!» , - деп жазды ол.

Оқырмандар көпбалалы ананы жарысып құттықтап жатыр.

"Кішкентайдың бауы берік болсын", "Динара, әйел бақытынан Алла Сізді ажырата көрмесін", - деп ізгі ниеттерін жарысып жазып жатты олар. 

Еске сала кетейік, 2019 жылдың жазында Динара Сұлтан мен күйеуі үйлену тойын жасаған болатын. 

"Иә, мен тұрмысқа шықтым. Куәгерлерім өзімнің балаларым болғаны қандай керемет. Сондай бақыттымын. Баршаңызға осындай бақытты бастан кешуді тілеймін", - деп сол кезде әнші өз парақшасына жазған.

Оқырмандар әншіден балаларының әкесін сұрап әлек, алайда, Динара күйеуінің атын құпия сақтауды жөн көреді. Бірге түскен фотоларда үнемі жолдасының бетін жауып қояды. Осылайша, фанаттарының қызығушылығын арттыра түседі.

Динара Сұлтан 2006 жылы SuperStar.kz сайысына қатысқаннан кейін танымалдыққа ие болады. Әйгілі China Town тобында өнер көрсетті, ал 2009 жылдан бастап жеке әнші ретінде сахнаға шықты.




Көрілген: 275    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.02.2020, 12:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30