Жұлдызды жаңалықтар

"Қазірдің өзінде жұлдызсың": қазылар алқасының бірі Данэлия Төлешованың өнерін бағалады

  • "Қазірдің өзінде жұлдызсың": қазылар алқасының бірі Данэлия Төлешованың өнерін бағалады

Қазылар алқасының бірі Хоуи Мэнделл Данэлия алғашқы бестікке енуі тиіс деп санайды. Бірақ ол үшін көрермендер дауыс беруі керек

NBC телеарнасындағы әйгілі America's Got Talent шоуының 15-маусымының қазақстандық қатысушы 14 жастағы Данэлия Төлешова тікелей эфирде өткен жартылай финалда жанды дауыста өнер көрсетті, деп мәлімдеді жас әншінің PR-директоры Татьяна Синенко.

 

Әнші бұл жолы Jessie J-дің – Who you are әнін орындады. Содан кейін Данэлия нөмірді қалай дайындағаны туралы айтты.

 

"Қазір қуаныштан қатты толқып тұрмын. Өйткені, қарсыластарым да осал емес. Дегенмен, мен финалға шыққым келеді. Бұл турда біз бірнеше туындыларды қарастырдық, бірақ Who you are әнін таңдадық. Әннің аранжировкасын арнайы ерекше етіп жасалды. Көрермендер мен қазылар алқасына ұнады деген сенімдемін", – деді Төлешова.

Қазылар алқасының бірі, актер Хоуи Мэнделл Данэлияға дауыс беруді нақты шешім деп санайтынын жеткізді.

"Менің ойымша, көрермендердің дауысы сенің үздік бестікке енуіңді қамтамасыз етуі тиіс. Өзімді таланттар шоуында қазылық етіп емес, тура бір сенің концертіңде отырғандай сезіндім. Ән орындау шеберлігің мен сахнадағы тұрысың, өзіңді көрсетуің, бәрі-бәрі тамаша әрі өз орнында болды. Сен қазірдің өзінде жұлдызсың. Енді қалған іс америкалықтарға байланысты. Сіздер оны финалға шығару керексіздер", – деді Мэнделл көрермендерге қарата.

Айта кетейік, финалистер өткен турдағыдай көрермендердің бір күн ішінде NBC сайтында дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады. Сонымен қатар қатысушылар қазылар алқасынан қосымша ұпай алады.

Ал ертең шоудың финалына кім шығатыны белгілі болады.




Көрілген: 413    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30