Жұлдызды жаңалықтар

Кенталдың анасы: Келін қызыңдай болмайды

  • Кенталдың анасы: Келін қызыңдай болмайды

    Кенталдың анасы: Келін қызыңдай болмайды

Ұлын ұяға қондарған ата-ана бақытты. Әнші Кенталдың ата-анасы келін алып, қуанысып жатыр. Анасы жас келіннің қазіргі қызметіне дән риза. 

Кенталдың анасы ұлына шоу-бизнес әлемінен әйел алуға қатаң тыйым салған. Себебі, келін үйде отырып, ата-енесінің, күйеуінің жағдайын жасау керек деді.

 
"Мен Талғатқа бірден аттым. Шоу-бизнес әлемінен қыз алма дедім. Түзде жүретін қыз керек емес дедім. Әйел ең бірінші кезекте әйел болу керек, ана болу керек. Жолдасының жағдайын жасап, кірін жуып, аяқ киімін сүртіп, күліп қарсы алып, күлік шығарып салу керек. Үйдің жұмысын мойнына алу керек. Басқасы маңызды емес. Тәрбие көрген, айтқанды тыңдайтын келін керек дедім. Ұлым айтқанымды тыңдады. Келініме ризамын. Таңғы жетіде тұрып, сәлем салып, атасына шай береді. Қолым ұзарды", - деді Гүлнәр ханым.

Қазақи салт-дәстүрді берік ұстанатын Кенжеболатовтар әулеті жақсы келін дайындаудың берік формасын білетін болып шықты. 

"Келініммен ұлым бөлек шықпайды. Бірге тұрамыз. Себебі, келін менен тәрбие алуы керек. Баланы шомылдырып үйрену керек. Қонақ күте алуы керек. Қыздың орны басқа. Келін мен қызды салыстыруға болмайды. Менен қызыңдай көресің бе деп сұрағанда "жоқ" дедім. Себебі, атам қазақ қызды басқаша тәрбиелеген. Келіннің өз міндеттері бар. Тәрбие алған келін жақсы ана, жақсы әйел болады. Ажыраспайтын, айтқанға көнетін отбасы болады деп ойлаймын", - деді Кенталдың анасы.

"Ромео мен Джулиетта бір-бірін тапты. Біз тек батасын бердік. Бақытты болса, үлгілі отбасы болса деймін", - деді әншінің әкесі. 

Кентал жақында өзінен 14 жас кіші қызға үйленді. Өзге ұлт өкілінің қызын жар етті. Алайда жас келін қазақы тәрбиеге көніп, келіндік қызметін жақсы атқарып жүрген көрінеді. 

Әнші бұған дейін жары жайлы бірнеше рет айтқан еді. Ел алдында сүйіктісіне ұсынып жасап, оң жауабын алғаны есте. Кентал қалыңдығының артық жүрісі жоқ, жігітпен кездесіп көрмеген қыз екенін де айтты. Жас жұбайлар сәби күтіп жүр. 




Көрілген: 1468    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 16:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30