Жұлдызды жаңалықтар

"Қиын болды, достарым күлетін": Әбдіжаппар Әлқожа кондуктор болып жұмыс істегенін мойындады

  • "Қиын болды, достарым күлетін": Әбдіжаппар Әлқожа кондуктор болып жұмыс істегенін мойындады



Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа үлкен сахнаға шықпай тұрып қарапайым жұмыстар істегенін мойындады. Ол бір кездері телефон жөндеп, тіпті, кондуктор болып жұмыс істегенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап. 


Әбдіжаппар ӘлқожаСурет: instagram.com/abdizhappaar_alkozha/


«Ұялы телефонмен айналысудан бастадым. Бұл ұзақ уақытқа созылды. Самат деген ағамның Байсеркеде ұялы телефондарға жөндеу жүргізетін жері болды. Бағлан деген досым сол кісінің шәкірті, ал мен осы досымның шәкірті болдым. Бір-бірімізге үйреттік, бөлшектер тасыдық, кішкентайдан бастадық. Бірінші қуаттағышын ауыстырдық, сосын батареясын алмастырып жүрдік», - деді Әбдіжаппар Әлқожа. 


Әнші бұл кезде 20 жаста болғанын айтады. Сондай-ақ, дәл қазір тек 2010 жылдары «хит» болған телефондарды ғана жөндеуден өткізе алатынын жасырмады. 


Бұдан өзге автобуста кондуктор болып жұмыс істегенін айтты. 


«Мен арнайы кондуктор киімін киген жоқпын. Біз кәдімгі киіммен шыға бердік. Көп уақыт болмадым. Осы туралы айтқан кезде балалар күлетін. Шамамен екі апта істедім. Шыдай алмадым. Кондукторлардың ұйқысы бөлек болады. Азанмен сағат бесте тұру керек, әрі-бері жүру дегендей. Бізге оңай болған жоқ, қиын болды», - деді жұлдыз. 


Әбдіжаппар Әлқожа өзі кондуктор болып жұмыс істеген уақытта жолақысы 50 теңге болғанын жасырмады. Сондай-ақ, осы жұмысының есепке жақсы болуына көп көмегі тигеніне тоқталды. 


 



 

 




Көрілген: 120    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 13:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30