Жұлдызды жаңалықтар

Қоғамның дертісіңдер! Масқара етіп біттіңдер: Нұрболхан Шарапов "Қалаулымды" сынға алды

  • Қоғамның дертісіңдер! Масқара етіп біттіңдер: Нұрболхан Шарапов

    Қоғамның дертісіңдер! Масқара етіп біттіңдер: Нұрболхан Шарапов "Қалаулымды" сынға алды

Бұған дейін "Өз ойым бағдарламасы" үшін Ләйлә Сұлтанқызымен сөзге келіп, соңында сотқа дейін барған әзілкеш енді Қалаулым жайлы пікірін айтты. Бағдарламаның тәрбиесіздікке тұнып тұрғанын жеткізді. 

Екі оқырманымды тойыма шақырамын: Нұрболхан Шәріпов үйленгелі жатқанын айтты

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. Нұрболханның әр сөзінен ашулы мінез байқалады. Ол бағдарламаның ақша үшін жұмыс істеп тұрғанын айтты. 

Тағы қандай өнерлерiң бар, Қалаулым?! Кiлең жүгенсiз кеткен ләйлiм шырақтар! Болдыңдар-ау әбден! "Қалаулым сен" және "Қалауым live" бағдарламалары ҚАЗАҚ жайлы, қазақтың тарихы, қазақтың батырлары мен қыздары туралы айтпай-ақ қойсын! Сосын, дiндi де, дiндегi мысалдарды да әңгiмелерiңе қоспаңдар! Алдыңғы жабылған бағдарламалар да: бiз қоғамдағы барды бар қылып көрсетемiз деп, ақталып едi. Аталарыңның бастары!

Алдыңғы шудан кейiн өздерi де басылар деп үн қоспай жүр едiк, қайдағы, қайта өршiп барады. Бiреу емес екеу болды қалаулым. Бала-шаға, ата-ана, туған-туыс, қоғам, тiптi шетел көредi десеңдер қазақты мұндай масқара қылып көрсетпес едiңдер! Доғарыңдар!

Әттең, Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiне сөзiмiз өтпей жүр. Рейтингтың артында ақша жатқаны және жабылмас үшiн қалта толтаратыны белгiлi ғой, әрине. Әйтпесе, тамырламай тұрып құртуға болар едi бұларды.

Егер нақты тәрбиелiк мәнi бар деп көрсетер болсаңдар, бағдарламаны тiкелей эфирде емес, алдын ала түсiрiп, қырылыс, төбелес, боқ сөздерi бар жерлердi кесiп тастап та 3 сағат қып эфирге беруге болар едi. Бiрақ, сендерге осы аталғандармен ғана рейтинг, ақша келетiнi сөзсiз және осы ғана мақсат едi керегi.
Былайша айтқанда ҚОҒАМНЫҢ ДЕРТİСİҢДЕР! Қазiр, қалаулымның тұрақты көрермендерi мен жақтастары менi даттайтынын бiлемiн.

 

 




Көрілген: 395    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.01.2020, 23:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31