Жұлдызды жаңалықтар

"Көмектеспеймін": «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі ұлын сахнаға алып шықпақ

  • "Көмектеспеймін": «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі ұлын сахнаға алып шықпақ

Халық арасында аса танымал "Нұрлан мен Мұрат" дуэтінің әншісі Нұрлан Әміров ортаншы ұлы жақында отандық сахнаны бағындыруға ниетті екенін айтып қалды. Белгілі болғандай, өнер иесінің баласы әншілік мансабын бастағалы жатыр. Жұлдызды әке өз жолын қуған жалғыз ұлына әрдайым тілекші болғанымен, оның шығармашылығына араласып, продюсері атануды қаламайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Нұрлан Әміров ұлы Ілиястың жақын арада отандық сахнаға шығатынын хабарлады. Алайда, әйгілі дуэт әншісі баласының әншілік мансабы үшін өз танымалдылығын пайдаланудан аулақ екенін айтты. Ол керісінше, қиналып әрі тырысып көрген әртістің ғана жолы болады деген пікірді ұстанады.

"Бес баламның ішіндегі менің жолымды қуғаны осы. Кішкентайынан Жұбановта оқыды. Мен оған ешқандай көмектеспеймін деп айтқанмын. "Көмектеспеймін, өзің істе. Өзің шық" деп айтып тұрамын. Себебі, біреу көмектессе, кез келгені шығып кетеді ғой. Өзі тырыссын" , - деді ол.

Айта кетейік, Әміровтың ұлы Ілияс кішкентайынан фортепиано мен домбыраны меңгеріп, кейіннен классикалық әндерге көңілі ауған. Бүгінгі күні жас өнерпаз академиялық деңгейде білімін шыңдауда. Шоу-бизнес жұлдызының атұстары опера орындаушысы ретінде бағы ашылмаса, әкесі секілді эстрада әншісі атануды қалайды.

 
 

 

 




Көрілген: 1228    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.03.2020, 09:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31