Жұлдызды жаңалықтар

«Коронавирус, кет, кет, кет!..»: осы әнмен беташар жасап, желіні шулатқан асаба анықталды (ВИДЕО)

  • «Коронавирус, кет, кет, кет!..»: осы әнмен беташар жасап, желіні шулатқан асаба анықталды (ВИДЕО)

    «Коронавирус, кет, кет, кет!..»: осы әнмен беташар жасап, желіні шулатқан асаба анықталды (ВИДЕО)

Айтуынша, ол қуаныш иелеріне ел аумағында төтенше жағдай жарияланғанын ескерткен.
https://youtu.be/N_7TsIdr2oQ 
Әлеуметттік желілерде Қазақстанның бір өңірінде коронавирус туралы ән айтып, беташар рәсімін өткізген асабаның видеосы пайда болды. Үйдің ауласындағы көпшілік жиында ол бидің ырғағына келетін музыкамен қонақтарды ортаға шақырады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Azattyq Ryhy-на сілтеме жасап.

«Коронавирус, кет, кет, кет! Коронавирус, нет, нет, нет! Коронавирус, жақындама, жолама! Билеп, билеп шығамыз! 5 мыңды саламыз! Келін, келінжан, сәлем!» - деген сөздермен әндетеді асаба.

Еске сала кетсек, жақында белгілі композитор Марат Омаров коронавирус туралы осы бір әнді шығарып, ол ел арасында кең тарап кеткен еді...

Сонымен, кеше Azattyq Ryhy агенттігі беташарда коронавирус туралы ән айтып, елді билеткен асабаның кім екенін анықтапты. Тілшімен телефон арқылы сөйлескен жамбылдық Ерболат Нарбек 24 наурызда Тараз қаласының «Массив көктем» шағын ауданынан беташар рәсіміне шақырту алған.

«Марат ағамыз (Омаров – авт.) бір сұхбатында халықтың көңілін көтеру үшін сол әнді жазған болатынмын деп айтты ғой. Мен де сол елдің көңілін көтеру мақсатында орындадым. Ямахада сүйемелдеп тұрдық. Қонақтар жақсы қабылдады. Беташар соңында да халыққа бұл әнмен беташарды келеке ету үшін емес, осындай уақытта көңіл түспесін, еңсе түспесін, вирусты бірге жеңіп шығамыз деген ниетпен орындағанымды түсіндірдім», - деді асаба.

Айтуынша, ол қуаныш иелеріне ел аумағында төтенше жағдай жарияланғанын ескерткен. Сондықтан беташарға 30 адам ғана жиналып, қонақтар 15-20 минутта тарқасыпты.

«Беташарды далада жасады. Дастархан жайылып, тамақ берілген жоқ. Тез-тез бет ашып, қайттық. Адамдар әлеуметтік желіде басқаша мазмұнмен таратып жатыр. Бұлай болады деп ойламадым. Әнді бірінші рет айтып тұрмын, теріс мақсатым да болған жоқ», - деп түсіндірді Ерболат Нарбек.

 
 



Көрілген: 330    Пікірлер: 0

сенбі, 28.03.2020, 11:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31