Жұлдызды жаңалықтар

"Коронавирус, кет": ТЖ кезінде беташар жасаған Тараз тұрғыны қамалды (видео)

  • "Коронавирус, кет": ТЖ кезінде беташар жасаған Тараз тұрғыны қамалды (видео)

Тараз қаласының 30 жастағы тұрғыны елде төтенше жағдай енгізіліп, бірқатар шектеулер қойылғанына қарамастан үйінде беташар рәсімін өткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар видеодан алынды Желіде пайда болған видеоның кадрларынан мерекелік шараға біраз адамның қатысқанын байқауға болады. Төтенше жағдай кезінде беташар рәсімін өткізгені үшін ер адам жауапкершілікке тартылды. Ол бес тәулікке қамауға алынды деп жазды Polisia.kz.

Тараз қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшысы С.Мамытбековтың айтуынша, беташар рәсімін жасаған асабамен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдай кезінде мұндай шараларға жол берілмеу керектігі туралы ескертті. Жамбыл облысының полиция департаменті төтенше жағдай кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді.

Елімізде аталған режим енгізілгелі бері облыс бойынша полиция қызметкерлері ТЖ ережелерінің талаптарын бұзған кәсіпкерлерге қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде сегіз адамға айыппұл салынып, екеуі ескертіліп, бес адамға әкімшілік жаза қолданылды. Әрбір тәртіп бұзушыға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік жаза тағайындалды. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда адамдарды қалаға айналма жолмен тасымалдаған такси жүргізушілері ұсталғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар! 

nur.kz




Көрілген: 467    Пікірлер: 0

сенбі, 28.03.2020, 18:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30