Жұлдызды жаңалықтар

Коронавирус салдарынан үйлену тойын шегеруге мәжбүр болған жұлдыздар кімдер

  • Коронавирус салдарынан үйлену тойын шегеруге мәжбүр болған жұлдыздар кімдер

    Коронавирус салдарынан үйлену тойын шегеруге мәжбүр болған жұлдыздар кімдер

Елімізде коронавирус салдарынан орын алған жағдай көптеген отандастарымыздың құрған жоспарын "күл-талқан" етті. ТЖ режимі кезінде алдағы уақытта елімізде той-томалақтар өткізуге тыйым салынған. Отбасын құрмақ болған жастар енді қуанышын вирус кесірінен кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Той күні карантин уақытына түсіп қалғандардың арасында шоу-бизнес өкілдері де бар. Олар туралы толыққанды мәліметті KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыздар.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Биыл наурыз айында ақ көйлек киіп, үлкен әулеттің заңды келіні атанғысы келген Жарқынай Ханайымның арманы кейінірек орындалатын болды.

Әнші Аша Матайдың туған ағасына тұрмысқа шықты. Сырға салу мен ұзатуды өткізіп тастаған ғашықтардың үлкен тойы енді қашан болатыны белгісіз. Бұл туралы ол "Ревю" бағдарламасына сұхбат берген кезінде хабарлады.

Коронавирус салдарынан үйлену тойын өткізе алмайтындар қатарында танымал актер Олжас Әлжанов та бар.

Жақында ғана сүйіктісін ұзатып алған өнер иесі үйлену тойына санаулы күндер қалғанда айтулы шараны кейінге шегерген. Дүбірлі тойға қатысты жоспары өзгеріп кеткенін ол Instagram парақшасы арқылы жеткізді.

 
 
Сонымен қатар, Тәуекел Мүсілім, Кентал, Балжан Бидаш, Динара Бақтыбаева секілді өнер жұлдыздары да биыл отбасын құру керек болған. Алайда, аталған шоу-бизнес өкілдері үйлену тойы қашан өтетінін нақты хабарлап айтқан жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген шектеулері мен тыйымдары көп карантиннің жақсы жақтарын да айтты. Ол аталмыш режим отбасыны шын мәнінде жақындата түсетінін жеткізді.

 

 




Көрілген: 1304    Пікірлер: 0

сенбі, 21.03.2020, 13:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30