Жұлдызды жаңалықтар

Қоянбаев: "Алтын орданың" жанындағы көпірде 1,5 сағат кептелісте тұрдым, бұл ЭКСПО жасаған ел үшін ұят нәрсе

  • Қоянбаев:

    Қоянбаев: "Алтын орданың" жанындағы көпірде 1,5 сағат кептелісте тұрдым, бұл ЭКСПО жасаған ел үшін ұят нәрсе

Нұрлан Қоянбаев Алматыда құрылысы аяқталмаған көпірді сынға алды. Өзі көзімен көрген продюсер басшылықтың жұмысына мін айтты. "Түнгі студиядан" не себепті кеткенін баяндады. Одан бөлек подюсердің қазіргі қазақ контентке көңілі толмайды. Әсіресе, балалар көретін ешнәрсе жоқ деп санайды. 

Бұл туралы "AdminAnon" бағдарламасында айтылды. 

 "Алтын орда" базарынан Алматыға қарай өзім жүріп көрдім. 1,5 сағат тек көпірдің жанында кептелісте тұрдым. Елдің қанша уақыты кетіп жатыр. Алматы билігі Алматы облысына жабады, облыс қала басшылығының жұмысы дейді. Көпір екеуінің арасын жалғайтын нәрсе емес пе? Қанша жыл уақыт кетті. Бұрыш Халифа, бұрыш әл-Абар деген әлемдегі ең биік ғимаратты 4 жылда салды. Ал бізде кішкентай көпірді сала алмай жатыр", - деді Қоянбаев. 

Оның айтуынша, биліктегілер халықтың үнімен санаспайды. Жай ғана пікірлерді оқып, содан анализ жасау керек деген ұсыныс айтты. 

"Халық бар проблеманы айтып жатыр. Анау жоқ, мынау дұрыс емес десе, соны тегін анализ деп қабылдау керек қой. Халық мынаны қалайды екен ғой деп ойлау керек. Менің жастарға айтарым, қандай жұмыс болмасын, қандай қызмет болмасын сен соның шебері болу керексің. Сондай мақсат болу керек. Мысалы, дөнер жасап сатсаң, ең дәмді дөнер сенікі болу керек. Халық ана жердегі дөнер дәмді деп айту керек. Сонда жердің түбінде болса да, сенікі дәмді болғаны үшін саған барады. Ақшаға емес, сапаға жұмыс істеу керек. Сонда сен үздік боласың", - деді ол.

Қоянбаевтың қазіргі қазақ контентке көңілі толмайды. Әсіресе, балалар көретін ешнәрсе жоқ деп санайды. "Мен өзім қазақпын. Әйелім қазақ. Ауылдан шыққанбыз. Бәріміз қазақша сөйлейміз. Балаларым қазақ мектебіне барады. Бірақ тілі орысша шығып жүр. Орысша сөйлейді. Сөйтсем, олардың көретінінің бәрі орыс тілінде екен. Орыс бағдарламасын көреді. Интернеттің бәрі орыс тілінде. Қазақша ешнәрсе жоқ. Бізде мықты мамандар көп. Шетелден де асып түсіріп жасай алады. Балаларға өз тілімізді, өз мәдениетімізді үйрету үшін балалар контентін жасасақ екен деген тілек бар", - деді ол. 

Қоянбаев "Түнгі студиядан" кеткен себебін айтты. Ол жұмысқа бес жыл уақыт жұмсаған. 

"Түнгі студияға" барғанда бұл бағдарламаға елбасы келетін бағдарлама жасау керек деген мақсат болды. Мен ғана емес, командада сондай мақсат болды. Сырт адамдар күле қарайтын. Елбасы "Түнгі студияға" келмейді деп күлді. Бірақ келді. Ол бағдарлама үшін мен тойдан кеттім. Бар уақытымды соған арнадым. Бірақ ондағы ақша мардымсыз еді. Әр шыққан сайын жаңа костюм керек. Жаңа киім алу керек. Оның бәріне ақша жетпейді. Жайдан жай адам кетпейді ғой. Қанша шетелдік жұлдыздар келді. Әр нәрсенің өз кезеңі болады", - деді әзілкеш. 




Көрілген: 2812    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.05.2021, 18:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30