Ресейлік әнші Дима Билан Қазақстандағы тойда мас күйінде өнер көрсетті. Оқиға орнынан видеоны блогер Біржан Әшім жариялады.
Қонақтар мен жас жұбайлардың алдында ән айту үшін сахнаға шыққан өнерпаз әуеннің ырғағына жете алмады. Видео авторы Биланның "бұдан да жақсы ән айта алатынын" атап өтті. Әнші қонақтармен дұрыс сөйлесе алмады.
"Жігіттер, ол мүлде бөлек! – деп видео авторы Биланның мас болғанын алға тартып, кадрларды желіге жариялады.
Артынша өнер иесі Қазақстандағы тойлардың біріндегі қылығы үшін кешірім сұрады. Ол жанкүйерлерге мұның ұят болғанын түсіндірді. Әртістің айтуынша, той кезінде минералды су ішкен.
"Білесіз бе, солай болады, кейде адам мас болып қалады. Бұндай жағдай сізде болған жоқ па?" деп қосты ол. Билан бұған дейін үш күн ұйықтамағанын мойындады. "Ал мен қатты шаршадым", - деген әнші жылай бастады.
2019 жылдың қыркүйегінде Биланның концертіне келушілер оны сахнадағы "орынсыз әрекеті" үшін сынға алды. Олар әртістің фонограммаға түспегенін, вокалдың орнына жат дыбыстар шығаратынын, әдепсіз қимылдар көрсеткенін айтты. Кейін Билан мас күйінде концерт бергенін мойындады.