Жұлдызды жаңалықтар

"Көзіңізбен көрсеңіз": Гүлзира Айдарбекова арыстықтардың жағдайын көріп жылап қалды (видео)

  • "Көзіңізбен көрсеңіз": Гүлзира Айдарбекова арыстықтардың жағдайын көріп жылап қалды (видео)

Гүлзира Айдарбекова арыстықтардың жағдайын көріп, көзіне жас алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



Арыстағы қайғылы жағдайды естіген Гүлзира Айдарбекова бірден Шымкентке жол тартқан. Халықтың ортасында болып, мән-жайды көріп, қолдау көрсетпекші болған өнер иесі әрбір жамандықтың артында, жылт еткен жақсылық болатынын жазды.


"Әрбір қиындықтың артында қайыры бар деген, арты тыныштық болып, ұрпағымыз, аналарымыз жыламасын! Мақпал Жүнісова, Саят Медеуов, Майра Ілиясова, Алтынай Жорабаева, Сакен Майғазиев, Ерғали Әбдірайымов, Бүркіт пен Аиша, Ғани мен Бота, Шаxизада, Қыдырәлі мен Қарақат, Азамат Сатыбалды сынды өнер иелерінің қолдауымен, аманатын арқалап келіп қалдық. Алла еселеп бақ берсін!" - деп жазды Гүлзира Айдарбекова. 


Арыстық ағайынның, әсіресе аналардың жылағанын көрген өнер иесі сол кісілерге қосыла көзіне жас алып, қайғыларына ортақтасқан. Гүлзира Айдарбекова Алладан сабырлық тілеп, көмек қолын созып жатқан жандарға да алғыс айтуды ұмытпады. 



"Аналарымыздың көз жасы тек қуаныштан болсыншы! Біреулер пайдасын ойлап, ұрлықпен күнәға батуда, ал біреулер қайтсем көмектесе аламын деп, соңғы нанын бөліп беріп сауап жинауда. Мұның бәрін түсіну үшін көзіңізбен көрсеңіз. Алла сабыр берсін! Көмекке жан-жақтан келіп жатқан қаншама азаматтарымызды көріп, көңіліміз жай тауып қайттық. Ел-жұртымыз амандықта болғай!" - дейді Гүлзира Айдарбекова. 


 

 




Көрілген: 3423    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.06.2019, 17:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31