Жұлдызды жаңалықтар

ҚР мәдениет министрі "аштан қалдық" деп шырылдаған Бүркітке 42500 теңгеге өтініш беруді ұсынды

  • ҚР мәдениет министрі

    ҚР мәдениет министрі "аштан қалдық" деп шырылдаған Бүркітке 42500 теңгеге өтініш беруді ұсынды

"Аштан өлетін болдық" деп шырылдаған танымал әнші Бүркітке ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 42500 теңгелік жәрдемақыға өтініш беруді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

"Қиыншылық туғызған бүгінгі жағдайға орай, біздің мемлекетіміз жеңілдіктер ұсынып отыр. Сондықтан біздің әртістеріміз де, мәдениет, архив, туризм салаларындағы, егер өздерінің күнделікті табысынан айырылып жатса, әрине, мемлекеттің ұсынып отырған әртүрлі ұсыныстарына олардың да қатысуға мүмкіндігі бар", - ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

 

Министрдің бұлай айтуына Айбек Жансейітовтың (Бүркіт) әлеуметтік желіде жариялаған жанайқайы себеп болған. Ол мемлекет басшысынан карантин режимін жеңілдетуді сұрапты. Өз сөзінде ол егер "карантин жеңілдетілмесе, халық аурудан емес, аштықтан қырылады" депті.

Алайда мәдениет министрі әншілердің ешқайсының 42 500 теңгеге өтініш білдірмегенін алға тартты. 

Бұған дейін "Адамдар жақында коронавирустан емес, аштықтан өледі" деп Бүркіт президентке үндеу жолдаған болатын. 

 

 




Көрілген: 1253    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.04.2020, 08:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31