Жұлдызды жаңалықтар

"КСРО-да қалып қойғандай сезімдемін": Баян Мақсатқызы Тоқаев ашық хат жазды

  • "КСРО-да қалып қойғандай сезімдемін": Баян Мақсатқызы Тоқаев ашық хат жазды

Биліктегілерге Баян Алагөзованың көңілі толмай жүргені байқалады. Бұрындары шоу-бизнестегі мәселелерді сөз ететін продюсер, соңғы кезде Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген уәжін желіде жеткізіп жүр. Елдегі олқылықтарды тілге тиек еткен Мақсатқызы, бұл жолы президентке бірнеше пост арнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.    

баян

"Менің ойымша, "Біз біргеміз" деген ұрандар мен үндеулердің форматы бұған дейінгі ұрандар мен үндеулер сияқты тиімсіз. Елге шенеуніктердің туыстары мен балалары емес, нақты шаралар мен кәсіби басқарушылар қажет. Бұл жағдай бұрынғыдан қатты байқалады, сондықтан да қорқынышты. КСРО кезінде қалып қойғандай сезімдемін", - дейді Алагөзова. Оның ойынша, президенттің жасап жатқан шаралардан айтарлықтай нәтиже жоқ.

 

"Президент мырза, мен сіздің шешімдеріңіз мен нұсқауларыңызды құрметтеймін. Бірақ аталған нұсқауларыңыз әлсіз жұмыс істейді немесе мүлдем жұмыс істемейді. Бұл көзге анық көрініп тұр. Сіз елімізде болып жатқан жағдайлардан хабардарсыз деп ойлаймын. Дәрі-дәрмектің бағасы немесе тапшылығы, бар болған жағдайда олардың құны 2 еседен 10 есеге өсуде. Сондай-ақ, ауруханаларда сырқаттанғандарды қабылдамай жатыр", - деп елді ауыр жағдайды тізбектеген продюсер таныстары да ажал құшып жатқанын жеткізді. 

Сондай - ақ танымал продюсер мемлекет басшысынан реформаларды өзгертуге қорықпай, мықты команда жинауды ұсынды. Егер дәл осы бағытта өзгеріссіз кете берсе, еліміздің болашағы күмәнді екенін кесіп айтты Алагөзова.

"Ел басшысы ретінде сізден сұрайтыным: реформа мен қалыптасқан қағидаларды өзгертуге қорықпаңыз. Олардың мерзімі өтті. 18 миллион тұратын елде шынымен ақылды әрі талантты кәсіби мамандар көп. Сізге қалтасының қамын ойлайтын емес, халықтың игілігі үшін қызмет ететін команда керек. Егер дәл осылай жалғаса беретін болса, біз құлдыраймыз. Мен елімді, халқымды, жерімді жақсы көремін. Бірақ ертеңіме алаңдап, қорқынышпен өмір сүргім келмейді. Менің балаларымның осы елде өмір сүргенін қалаймын әрі олардың келешегі тұрақты болғаны керек. Сіздің табиғи қарапайымдылығыңыз бен ақылдылығыңыз өте тартымды, бірақ бұл жолы өзгеріс керек", - дейді Баян. Сөз соңында 

Сіз барлық күш-жігеріңізді жинап, қажетті шараларды қабылдайсыз деп сенемін. Біздің өмірімізге қауіп төніп тұр, ал медицина ше? Эмоцияға ерік бергенім үшін кешірім сұраймын, бірақ шынымен де қорқынышты!" - дейді Баян Мақсатқызы.

Тоқаевтың таяуда өткізген телевизиялық үндеуін Баян Алагөзова тыңдаған. Президенттің жасандылыққа жаны қас, әрі ел алдында ойнамайтыны туралы сөзіне продюсер елең ете қалса керек, тағы да инста-парақшасында ашық хат жолдапты.  

"Халық алдындағы жасандылық көп болды, өте көп... Бірақ біз сенуді, күтуді, үміттенуді жалғастыра бердік. Алдымен 2020, одан кейін 2030, қазір енді 2050! Қасым-Жомарт Кемелұлы, бүгін мен сіздің үндеуіңізді мұқият тыңдадым.

Мемлекетке өзгеріс әкелуді қалайтыныңыз көрініп тұр және менің жан дүниемде әлі де үміт оты бар. Бірақ сіз дипломатсыз ғой, бірден үлкен өзгеріс әкелуге үйренбегенсіз және халықтың қасіреті басыңызға түсті, оған енді елдің ашуы қосылды. Оны жоққа шығара алмаймыз!

Сондай-ақ, еліміздегі барлық жағдайлардың беті ашылып жатыр, оны жасырып немесе елемеу мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық, шенеуніктердің жөнсіздігі, адамгершіліктің жоқтығы – мұның бәрі басқару жүйесіндегі қателік емес, халыққа қарсы қылмыс болып табылады, былайша айтқанда геноцид.

Бүгінде денсаулық сақтау жүйесіндегі болып жатқан олқылықтар тарих беттерінде қалары сөзсіз. Осыдан бір апта бұрын мен сізге елдегі реформаға өзгеріс әкелу керектігі туралы өтініш жазған едім. Бүгін сол сөзді сіз растадыңыз. Бірақ, тағы да екі апта мүмкіндік бердіңіз. Үкіметте екінші толқынға дайындалуға бақандай төрт ай уақыт болды емес пе, сонда да ешқандай нәтиже жоқ.

Халық тұншығып қырылып жатыр, әлі күнге дейін дәріханаларда қарапайым дәрі-дәрмек тапшы, төсек-орын жоқ, медицина қызметкерлері жетіспейді. Сұмдық жағдайларды тізбектеудің қажеті шамалы, оны сіз де біліп отырсыз. Халықтың ақшасына тойған жемқорлардың ұятын ояутдың мәнісі жоқ. Елдің көз жасы, қайғы-мұңы, жақынын жоғалтудың қандай қиын екенін сезінбейтін адамдар, әр нәрсенің өтеуі барын уақыты келгенде ұғатын болады.

Бүгін сіз халықтың игілігі үшін жұмыс істеуге даяр шынайы әрі адал кәсіби мамандарды тыңдағыңыз келетінін айттыңыз. Ондай мамандар біздің елде өте көп. Президент мырза, менің сізден өтінерім елдегі мәселелерді дүрбелең тудырмау әрі тыныштық сақтауды шақыруға арналған ролик, флешмоб және шоу-бизнес өкілдерінің қатысуымен ұрандар, плакаттармен ғана емес, шынайы іс-әрекет, нақты шешім шығаруды және олардың сол мезетте орындалуын қадағалауыңызды сұраймын", - дейді Алагөзова.

Айта кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев карантин кезеңінің тағы да екі аптаға созылатынын, яғни шілденің соңына дейін күшейтілген режимнің жалғасатынын хабарлады.   

 
 

 




Көрілген: 1116    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.07.2020, 11:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31