Жұлдызды жаңалықтар

"Қуанғаннан жыладым": Өнер адамдары көпбалалы отбасыға үй сыйлап, 500 адамға ауызашар берді (видео)

  • "Қуанғаннан жыладым": Өнер адамдары көпбалалы отбасыға үй сыйлап, 500 адамға ауызашар берді (видео)



Өнер адамдары көпбалалы анаға үй сыйлап, орталық мешітте 500 адамға ауызашар берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.


Бірқатар өнер адамы орталық мешітте 500 адамға ауызашар жасап, 6 балалы мұқтаж отбасына баспана сыйлаған. Олардың қатарында Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев, Ердос Қанаев, Ерғали Әбдірайымов және өзге де өнер жұлдыздары бар.


Бұл жайлы видеоны Сәкен Майғазиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 6 балалы анаға үйдің кілтін табыстаған өнер жұлдыздары көпшіліктің ықыласына бөленді. Рамазан айында игі іс жасап, мұсылман қауымның  ризашылығын алды.


«Исламда жария садақа рұқсат етілген. Өнер адамдары орталық мешітте 500 адамға ауызашар беріп, қасиетті айда 6 баласы бар анаға үй сыйлады. Алла тағала ниетімізді қабыл қылғай. Елімізде баспанаға мұқтаж жан болмасын. Әумин!» - деп жазды Сәкен Майғазиев.


Бейнежазбада үй алған отбасының қуаныштан көзіне жас алып, алғысын жаудырып жатқаны байқалады. Өнер адамдарының бұл әрекетіне желі қолданушылары да оң бағаларын берді.



Бірінші келісілген көпбалалы ананың үкен ұлдары «Бізден де мұқтаж жан бар шығар. Еңбектеніп, жұмыс жасап, өзіміз аламыз» деп айтқан көрінеді.


Артынша өнер иелері мешітке тамақ сұрап келген алты балалы анаға, шын мұқтаж жанға көмек қолын созған.


 



 

 




Көрілген: 745    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.05.2019, 16:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31