Жұлдызды жаңалықтар

"Күйеуім депутат болған, қазір ол - мемлекеттік қызметкер": Гүлнұр Оразымбетова жанұясы және отбасылық бюджеті жайлы сөз қозғады

  • "Күйеуім депутат болған, қазір ол - мемлекеттік қызметкер": Гүлнұр Оразымбетова жанұясы және отбасылық бюджеті жайлы сөз қозғады

Әнші, тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетова Stan.kz редакциясының тілшісіне сұхбат беріп, пластикалық ота, отбасылық бюджет және жеке бизнесі туралы сыр ашты.

Гүлнұр

Гүлнұр ханым, денсаулық - зор байлық. Ал, өзіңіз денсаулыққа қаншалықты мән бересіз? Күтім жасап, уақыт бөлесіз?

 

Денсаулық аманат екенін білсем де, өте бір мұқият қараймын деп айта алмаймын. Тамақты уақытылы ішу, сегіз сағаттық ұйқы деген сияқты тәртіптер менде жоқ. 2019 жылы жаңа жобалардың көп болуына байланысты, күн тәртібінің ретсіздігі, ұшып-қонудың әсерінен денсаулығым біраз әлсірегені өтірік емес. Жазда мен, Маржан және Мақпал Исабекова  үшеуміз Кореяға барып келдік. Сол кезде толық денсаулығымызды тексерістен өткізген едік. Менің асқазаным ауыратын болып шықты. Енді қазір емдеудеміз. Негізі уақытылы тамақ ішіп, режимде жүретін әріптестерім бар. Оларға қызығып әрі таңқалып қараймын.

Көп оқырман сізге пластикалық ота жасатқан деп сын тағуда.Қаншалықты рас?

Жас кезіммен қазіргі кездегі айырмашылық макияжда деп ойлаймын. Жас кезіңізде "құлағыңыз қалқан еді. Жасаттыңыз ба?" деген сияқты сұрақтар көп келеді. Ештеңе жасатқан жоқпын. Бәрі өзімдікі. 

Бет күтіміне арналған қандай да бір құпияларыңыз бар ма?

Мен тамақ ішуге уақыт таппасам да, бет күтіміне уақытты жібермеймін. Бет терісіне арналған витаминдер ішемін. Олардың денсаулыққа да зияны жоқ. Пластика жасатып, көздің үстін кездерім, бетке арналған ота немесе укол салу менде әлі болған жоқ. Ерін үлкейтудің де отасыз талай әдістері бар. Оны визажисттер бояп, әдемілеп жасап бере алады. Көп кезде бұрынғы бейнебаян немесе архив фото көргендер көп сұрақ қояды. Енді ол кезде қазіргідей кәсіби визажисттер дамымады. Өзіміз тапқан косметикамен боянып, сахнаға шығатынбыз.  Сол кездегі түрімді қазіргідей бояса тура осындай болып шығамын.

Сіздің ойыңызша, қыз кезінде бәрі жақсы. Жаман әйел қайдан шығады?

Меніңше, ол отбасындағы тәрбиеге байланысты. Өзімнің тұрмыс құрғаныма 23 жыл болады. Қазіргі қыз балалардың кемшілігі бәрі жеңіл келсе деп ойлайды. Бақытқа жеңіл жеткісі келеді. Жеңіл жолмен ақша табу немесе жағдай жасауды ойлайды. Ол мүлдем дұрыс емес.  Бәрі үшін емес, өз басымда болған оқиғаны айтып берейін. 9-сыныпты бітірген соң мен педучилищиге оқуға түстім. Сол кезде мен бірінші кезекте ата-ана, бауырларымның абыройын ойлап жүретінмін. Іштей директордың үйіне қонақ келсе деп тілеп жүретін едім. Қонақ келсе мен барып ән айтамын, олар маған ақша беретін. Мейрамханаларға барып ән айтып, тапқан ақшамды жинап жүретінмін. Тіпті, өзіме автобусқа қимай, сабаққа дейін жаяу келетін едім. Мақсатым - үйдегілер жақсы тамақ жесе, жақсы өмір сүрсе деп амал етіп жүрдім. Бір сөзбен айтқанда жауапкершілік болса, көп нәрсеге жетуге болады. Меніңше, қазіргі қыздарда жауапкершілік өте аз.

Гүлнұр

Сіздің үйде отбасылық бюджетті кім басқарады? Қаржыны кім ұстайды?

Соңғы екі жылда мен өзімнің табысымды өзіме жұмсап, өзім ұстап жүрмін. Бұрын отбасылық карта болатын. Жолдасым екеуміздің ақшамыз бір жерге түсетін. Мен сол жерден жұмсай беретінмін. Қазір бәрін тоқтатып, әркімдікі бөлек бола бастады. Маған бұл тәсіл өте ыңғайлы болып жүр. Бұрын ақшаның бетіне қарамай жұмсап қоятынмын. Қазір бәрін есептеп, үнемдеп жұмсауды үйреніп жүрмін. Ал, отбасылық бюджетке қолсұқпаймын. Қаржыны үйде ер адам ұстағаны дұрыс.

Әнші, тележүргізуші ретінде өзіңізді мойындата білдіңіз. Болашақта ұсыныс түссе билікке баруыңыз мүмкін бе?

Менің жолдасым мемлекеттік қызметкер. Мәжілісте депутат та болды. Мен үшін сол кісінің қызметте болғандығы маңызды. Болашақта да билікке араласып, депутат боламын деп ойламаймын. Алдағы уақытта балаларым сондай әкелері бағындырған биіктікті бағындырса деп тілеймін. Ал, мен солардың анасы болып қалсам да бақыттымын. Маған әншілік, жүргізушілік арқылы халқымның танытып, бағаланы да жетеді.

Жеке бизнесіңіз бар ма?

Қазір бизнес жоспар жасалынуда. Қазақтың дастарханына бірінші қоятын тамағы нан ғой. Әсіресе, бауырсақты жақсы көреміз. Оның үстіне менің бауырсағым да ерекше шығады.Сондықтан, басты мақсат - Гүлнұрдың бауырсағын дамытып, брендке айналдырып, халыққа ұсыну. Негізі бұл бизнес бастау алған. Бірақ, ұйымдастырушы кісілермен түсініспеушілік орын алып, тоқтап қалған еді. Соны қайта қолға алуға ниеттімін. Маған "біз жұмыс істей береміз. Сіз біздің "лицомыз" болыңыз" деген ұсыныстар көп түседі. Бірақ, мен олай жұмыс жасағым келмейді. Толықтай өз бизнесімді қолға алсам деймін.

 
 

 




Көрілген: 335    Пікірлер: 0

жұма, 21.02.2020, 09:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30