Жұлдызды жаңалықтар

"Қуыршақ": Айқын мен Жұлдыз алғаш рет қыздары Айяны көрсетті (фото)

  • "Қуыршақ": Айқын мен Жұлдыз алғаш рет қыздары Айяны көрсетті (фото)

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали алғаш рет қызы Айяны қалың көпшілікке көрсетті. Өнер иелері екінші перзентінің суретін әлеуметтік желіде жариялап, оны өз оқырмандарына таныстырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жұлдыз Өмірғали Instagram желісіндегі жеке парақшасында бұған дейін көпшіліктен түрін жасырып келген қызының суретімен бөлісті. Эстрада өкілі желі қолданушыларына Айяны көрсетіп, оларды бір қуантып алды.

Жұлдызды жұптың ортақ екінші сәбиінің фотосы ғаламтор кеңістігінде бірден қызу талқыға түскен. Қос әншінің перзенті барша оқырмандар жүрегін жаулап үлгерді. Олар кішкентай Айяға сүйсініп, оның кімге ұқсағаны жайлы пікірталас ұйымдастырды.

Бірі оны әкесінен айнымайды десе, енді бірі анасына ұқсатқан. Ал кейбір желі қолданушылары сәбиді туған ағасының егізі секілді екенін жазуда.

"Айнымаған Айқын. Әсіресе, көздері" , "Ағасының көзіндей" , "Бәрінің көздері фонарик қой" , "Санжардың қарындасы екенін ойланбай табуға болады" , "Тура папасы" , "Айнымай қалған әкесінен" , "Екінші Айқын" , "Анасына ұқсайды" , "Жұлдызға ұқсайтын сияқты" , "Айқынның көшірмесі ғой" , "Қуыршақ өзі", - деп жазуда көпшілік.
 
 

Айта кетейік, бұған дейін Айқынның көмекшісі "Қалауым" тікелей эфирінде қалыңдық атанғанын жазған болатынбыз. Өнер иесі қызметкерін студияға арнайы барып, құттықтап қайтқан.

 

 




Көрілген: 858    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 10:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30