Жұлдызды жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов сүйінші жаңалықты хабарлады

  • Қыдырәлі Болманов сүйінші жаңалықты хабарлады

    Қыдырәлі Болманов сүйінші жаңалықты хабарлады

"Ұлытау" тобы Djooky Music Awards халықаралық музыкалық байқауында рок-металл санаты бойынша жеңіске жетті
"Ұлытау" тобы Лос-Анджелесте ұйымдастырылған The Djooky Music Awards байқауында бірінші орын алды. Қуанышты хабарды топтың продюсері Қыдырәлі Болман хабарлады.

Қыдырәлі Болманның жетекшілігімен топ АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен Djooky Music Awards халықаралық музыкалық байқауында рок-металл санаты бойынша жеңіске жетті. Топ Махамбет Өтемісұлының "Жұмыр қылыш" күйін орындаған.

Байқау онлайн дауыс беру арқылы өтті. Дауыс беру 27 ақпан таңғы 06.00-де басталып, 1 наурыз күні тоқтатылды.

"Бүкіләлемдік жеңіс құтты болсын, қазақ елі! Мың алғыс, мың тағзым! Күмбірлеген, тасып-төгілген күйлерімізді әлемнің сахнасына шығарып, домбырамызды аламан бәйгелерге қосып, бас жүлделер бұйыртқан Аллаға сансыз мадақтар болсын! Үлкен қолдау қөрсетіп, таңғы 6:00-ге дейін "Ұлытау" тобымен бірге болған сіздерге, Қазақстан өнер жұлдыздарына, біртұтас қазақ еліне, мың алғыс, мың тағзым!", - деп жазды Болман.

Айта кетейік, Djooky Music Awards халықаралық музыкалық байқауына әлемнің 86 елінен 13 музыкалық бағыт бойынша музыканттар қатысты.

Байқаудың қорытындысы аралас форматта шығарылды: 50% – көрермендердің дауыс беруі, 50% – америкалық продюсер Брайан Малуфтың шешімі.

"Ұлытау" тобы – 2001 жылы құрылған этно-рок стиліндегі музыкалық ұжым. Сол жылы топ Голливудта өткен бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында бас жүлде алды.
 
 




Көрілген: 4479    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 16:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31