Қызылорда полицейлері Асанәлі Әшімовтің көлігіне қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

03 мамыр 2022, 14:44

Қызылордалық полицейлер әлеуметтік желіде талқыға түскен актер Асанәлі Әшімовтің көлігіне қатысты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Қызылорда облысының полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу белгісі стандартқа сәйкес болмағандықтан «Cadillac» автокөлігін тоқтатқан. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Тоқтату барысында кеңестік және қазақстандық кино, театр актері, режиссер Асанәлі Әшімовтің 85 жылдығына байланысты деректі фильм түсіріліп жатқаны белгілі болды. Ескерту жасалғаннан кейін автокөлікке сол жерде тиісті мемлекеттік нөмірі тағылды», - деп мәлім етті департаменттен.