Жұлдызды жаңалықтар

Ләйлә намысы бар қазақтың бәрін сотқа беруі керек еді — Арман Сқабылұлы

  • Ләйлә намысы бар қазақтың бәрін сотқа беруі керек еді — Арман Сқабылұлы

    Ләйлә намысы бар қазақтың бәрін сотқа беруі керек еді — Арман Сқабылұлы



Күні кеше Ләйлә Сұлтанқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында, расымен де, сотқа жүгініп отырғанын жазды. Айтуынша, бұған өзге азаматтардың орынсыз ар-намысына, жеке басына қатысты сын айтуы себеп. Осы жағдайға қатысты Арман Сқабылұлы да пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


фото


Аталған жазбаны тележурналист Бибігүл Дәулетбекқызы өзінің парақшасында бөлісті. 


«Ләйлә Сұлтанқызы журналист Бибігүл Дәулетбекқызы мен КВН-ші Нұрболхан Шараповты ғана сотқа бермей, намысы бар, ұятты ойлар, ұрпақ тәрбиесіне алаңдайтын қазақтардың барлығын сотқа беруі керек еді. «Өз ойымға» қазақ қызының пәктігін саудалауын шығаруына жоғарыда аталған екеу ғана емес, намысы бар қазақтың бәрі өре түрегеліп, қарсы болған жоқ па?» - деп сауал тастады Арман Сқабылұлы. 


Әрі қарай «Ақжол» демократиялық партиясы орталық кеңесінің хатшысы мұның өте қауіпті құбылыс екеніне тоқталды. 


«Енді келіп Бибігүл мен Нұрболханды «жалған ақпарат таратты» деген айыппен сотқа сүйреуде. Бұл – өте қауіпті құбылыс! Бүгін «Өз ойым», ертең «Қалаулым», сосын тағы бір бағдарлама жүргізушісі өзін сынағандарды сотқа жетектей бере ме?» - деп сауал тастады Арман Сқабылұлы. 


Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін танымал тележүргізуші екі азаматты сотқа бергені туралы хабарлаған едік. 


 



 

 




Көрілген: 5612    Пікірлер: 0

жұма, 30.08.2019, 13:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31