Жұлдызды жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы күлкінің көмегімен ауруынан айыққан науқастың өмірі жайлы айтып берді

  • Ләйлә Сұлтанқызы күлкінің көмегімен ауруынан айыққан науқастың өмірі жайлы айтып берді

    Ләйлә Сұлтанқызы күлкінің көмегімен ауруынан айыққан науқастың өмірі жайлы айтып берді

Ләйлә Сұлтанқызы желідегі оқырмандарына пайдалы кеңесін айтты. Үнемі күліп жүруге кеңес берген тележүргізуші мұның пайдасын тізіп берді. 

"Өткен ғасырда Америкада күлкінің адам денсаулығына оң ықпалын дәлелдейтін бір оқиға орын алған екен. 1964 жылы Норман Казинс деген психолог жігіт Бехтерев ауруының салдарынан мүгедекке айналады. Түрлі қаражат жұмсалған ем-домнан еш нәтиже шықпағандықтан, дәрігерлер де күдерін үзіп, қолдарын бір сілтейді.

Күндердің күнінде психолог жігіт жан шыдатпас ауырсынуды ұмыту үшін күлкілі шығармалар оқып, комедиялы фильмдер қарай бастайды. Осылардың әсерінен ол күн бойы қарқылдап күлумен болады. Кейін бірте-бірте ауырсынулардың азайғандығын байқайды. Қабыну үдерісінің басыла бастағанын зерттеулер де растайды. Осылайша оның денсаулығы бірте-бірте қалпына келе бастайды. Мұның бәзбіреулерге сенгісіз болып көрінетіндігі қалыпты жағдай. Бірақ, Казинс жас кезіндегідей фортепианода ойнап, атпен шауып, гольф ойнай бастайды да, құлан таза айығып кетеді", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Тележүргізушінің айтуынша, үнемі күліп жүретін адам ауруынан айығады. Сұлтанқызы күлкінің көмегімен құлан таза ауруынан айыққан науқастың өмірін мысалға келтірді.

"Бұған аң-таң болған дәрігерлер зерттеулер жүргізеді. Нәтижесінде аурудың жазылуына морфинге ұқсас бір заттың көмектескендігі анықталады. Адам күлген кезде мұндай зат мида өндіріліп, ауырсынуды басады екен. Ал күлкі кезіндегі тыныстың ерекше ырғағының көмегімен бұлшық еттің тонусы қалпына келген.

Күлкі ғана емес, жай жымию да пайдалы. Ол жүйкенің қозуын жеңуге көмектеседі, күйзеліс гормондарының өндірілуін төмендетеді. Сондықтан көңіл-күйіңіз оншалықты болмаса да, күліп жүруге тырысып бағыңыз.

Американдық ғалымдар күлген кезде бет бұлшық еттерінің миға ерекше импульстар жіберіліп, оның әсерінен жүйке жүйесі жақсарып, көңілді көтеретіндігін дәлелдеген.
Ал көзден жас аққанша күлу күйзелісті жеңеді. Көз жасымен бірге күйзеліс гормондарының құрамына кіретін заттар сыртқа шығатын көрінеді. Жүздеріңізден ешқашан күлкі кетпесін!", - деп жазды ол. 

"Керемет сөзіңіздің жаны бар мен келісемін", "Күлікп жүрейік", "Сөзіңіздің жаны бар", "Уайым ауруды асқындырады", "Күлкі - өмірді ұзартады деген осыдан шықса керек", - деді желідегі оқырмандары. 




Көрілген: 2070    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 10:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31