Жұлдызды жаңалықтар

Лидо: Күйеуімнің немен айналысатынын білмеймін

  • Лидо: Күйеуімнің немен айналысатынын білмеймін

    Лидо: Күйеуімнің немен айналысатынын білмеймін

Үш жылға жуық отбасымен Америкада тұрып келген әнші Лидо өзге мемлекетте күйеуінің қандай жұмыс істегенін білмейді. Бұл туралы Stan.kz Тимур Балымбетовтың "Ашығын айтқанда" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Шынымды айтсам, білмеймін. Ол да айтпайды. Егер мен оның жұмысын түсіне бастасам, өзімнің жұмысым мен отбасыиа ғана алаңдамаймын. 

 
Күйеуімнің жұмысын да ойлап, уайымдап жүремін. Сондықтан оны білгім келмейтінін түсіндім. Бұл мәселеге келгенде күйеуіне бағынышты шығыс әйелі бола саламын. 

Оның қалай ақша табатынын білмеймін, бастысы ақша табады. Сондықтан да жеке шаруасы болып қалсын. Себебі мен өте қатты секемшілмін, қабылдауым да тым жоғары. 

Мен тіпті, ауыр фильмдер көрмеймін. Себебі одан кейін өзімді бос сезіне алмаймын, апталап сол фильмді ойлап жүруім мүмкін. Тек комедия мен мультфильмдерді ұнатамын", - дейді өнер иесі.

15 жасынан бастап еңбекке араласып, жұмыс істеп үйреніп қалған әнші декретте отырған шақта күйеуінен ақша сұрауға қиналғанын жеткізді. 

"Күйеуімнен ақша сұрауға қиналатынмын. Бағыма орай, ол өте жомарт жан. Бар болса, ала бер, тіпті "сұрамай-ақ қой, неге керегін айтпай-ақ қой" дейді. Бірақ мен де басынбаймын. Мысалы, бірдеңе алғым келсе, сатуға болатын затымды сатып, орнына аламын", - дейді Лидо.

Сондай-ақ, 4 бала тәрбиелеп отырған әнші олардың тәрбиесіне келгенде қатал екенін, керек болса, дауыс көтеретінін де жасырмай айтты. 




Көрілген: 2659    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.07.2021, 10:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30