Жұлдызды жаңалықтар

«Лохсыңдар, әдейі жасадым»: кәсіпкер халықты алдағанын мойындады (ВИДЕО)

  • «Лохсыңдар, әдейі жасадым»: кәсіпкер халықты алдағанын мойындады (ВИДЕО)

    «Лохсыңдар, әдейі жасадым»: кәсіпкер халықты алдағанын мойындады (ВИДЕО)

Кеше әлеуметтік желілерде белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланы арнайы жасақ сарбаздарының ұстап әкеткен сәті түсірілген видео тараған болатын. Қазақстандық БАҚ оның ұсталғаны жөнінде жарыса жазысты. Алайда, оның қамауға алынғаны өтірік болып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ВИДЕО: youtu.be/w7oET8MRgTI 

Бұған дейін оппозициялық партия құрмақшы болып, елді елең еткізген кәсіпкердің айтуынша, ол "халықтың болашағы бар ма, жоқ па?" деп тексергісі келген екен.

"Біраз ағайын бұл хайпты не үшін жасайсың, халықтың сенімімен не үшін ойнайсың деп маған кішкене ренжуі де мүмкін. Оны мен түсіндіріп кетейін. Мен тексергім келді. Жалпы, халықтың болашағы бар ма, жоқ па? Негізі біраз адам "Ахметбек, бұл хайпты не үшін жасадың, адамдардың сенімімен ойнап не керек, елді дүрліктіріп?" деп ренжуі де мүмкін. Сондықтан мен "козёл-провакаторды" әдейі жасадым.

Егер сенбесеңіздер, мұндай нәрселерді бұған дейін талай рет жасағанмын", - деп өзінің бір жігітке көліктің кілтін табыстаған кезде залға жиналған бір топ адамға қарата: "Енді машина ұтып алмаған адамдар, көңілдерің түсіп қалды ма? Менің сендерге жаным ашиды, лохсыңдар" деп сөйлеген сәтінен видеоның үзіндісін көрсетіп, "эмоциясын жасыра алатын адаммын" деп мақтанды.

Сондай-ақ, Ержан Тұрғымбайдың ар-намысына тиетін ешқандай сөз айтпағанын мойындап, "Бұл алдын ала дайындалған спектакль болатын", - деп тағы да айды аспанға бір-ақ шығарды.

Айтпақшы, елді "тексергісі" келген Ахметбек Нұрсила осылай жасауды 5 жыл бойы күтіп, "қатты армандапты". 

Оппозициялық партия құрмақ болған Ахметбек Нұрсиланы арнайы жасақ ұстап әкетті (ВИДЕО) 

Естеріңізге сала кетсек, ол "ұсталар" алдында Италияда бой тасалап жүрген оппозиция өкілі Ержан Тұрғынбаймен дебатқа шығып, өзінің билікті қолына ала алатынын эмоцияға беріле отырып мәлімдеген болатын.

 

 




Көрілген: 1215    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 09:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31