Жұлдызды жаңалықтар

"Маған түспейді": Миллиардер атанған Қоянбаев табысын қайда жұмсамақ

  • "Маған түспейді": Миллиардер атанған Қоянбаев табысын қайда жұмсамақ

Отандық танымал әзілкеш әрі кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев "Бизнес по-казахски в Корее" фильмінің арқасында кенелген бір миллиард 40 миллион теңге қаржысын қайда жұмсайтынын ашық айтты. Ол көпшілік өзін миллиардер атануымен құттықтап жатқанымен, кинодан келген бұл көлемді табыс толығымен өзіне түспейтінін жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/koyanbayevnurlan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/koyanbayevnurlan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қоянбаев халық ойлайтындай қыруар қаржы өз қалтасына толық түспейтінін түсіндірді. Ол бұл табыстың елу пайызын кинотеатрларға берсе, тағы бір бөлігі демеушілерге тиесілі екенін жеткізді.

Әзілкештің сөзінше, өзіне сол қомақты сомманың бір еншісі ғана тиеді.

"Енді миллардер туралы бір айтып жіберейін жалпы, бәрі құттықтап жатыр ғой миллардер деп. Иә, иә деп қоям. Бірақ, бәріміз білеміз ол миллардтың бәрі маған түспейді. 50 пайызы жаңағы кинотеатрларда қалады, одан кейін салық, демеуші бар деген сияқты. Қатты байып кеткен жоқпын" , - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейән Нұрлан Қоянбаев түсірген "Бизнес по-казахски в Корее" фильмі Қазақстан кино тарихында рекорд орнатқанын хабарлаған болатынбыз. Комедия жанрындағы туынды шетелдік "Мстители" киносынан басып озып, кинопродюсерге 1 миллиард 40 миллион теңге табыс әкелген.

 

 




Көрілген: 1485    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.01.2020, 11:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30