Жұлдызды жаңалықтар

Мақпал Исабекова алғаш рет сүйіктісін көрсетті

  • Мақпал Исабекова алғаш рет сүйіктісін көрсетті

    Мақпал Исабекова алғаш рет сүйіктісін көрсетті

Мақпал Исабекова көпшілікке сүйіктісін көрсетті. Күйеу жігітпен бірге түскен суретін жариялап, туған күнімен құттықтады. Әнші достарымен бірге тосынсый жасап, сүйіктісінің көңілін көтерді. 

"Бүгін ерекше күн, менің сүйіктімнің туған күні. Аллаға сансыз шүкір етем. Ата-анаңа рахмет айтам. Менің қамқор, мейірімді жүрегім. Сенің бар арманың орындалсын. Сенің менің барымсың. Сен менің қуанышымсың. Сен менің отбасымсың. Мен сені сүйем. 

 Бүгін мереке жасағым келді. Сенің қуанышты көзіңді көргім келді. Шын жүрегіммен мерекені ұйымдастыруға көмектескен достарыма алғыс айтқым келеді. Сіздер менің сиқыршымсыздар", - деп жазды Исабекова. 

Бұған дейін Мақпал Исабекова қалыңдық атанғанын айтып, қуанышын желіде бөлісті. Сүйіктісінің өзіне ұсыныс айтқанын жар салып, қуанышы қойнына сыймады. 

Әншінің қашан тұрмыс құратыны белгісіз. Бұл туралы әншінің өзі ешқандай хабар айтқан жоқ. 

"Туған күнімен құттықтаймын! Неткен әдемілік", - деп жазды Мәдина Сәдуақасова. 

"Туған күнімен құттықтаймын", - деп жазды Индира Еділбаева.

"Тіпті артынан қарасаң да әдемі", - деп жазды әнші Луина. 

Желі қолданушылары құттықтап қана қоймай, әншінің сұрақ астына алды. 

"Құтты болсын, туған күні құтты болсын", "Құттықтаймыз, бақытты болыңыздар", "Бірге баянды ғұмыр кешіңіздер", "Сүйіктіңіздің ұлты кім? Қазақ па?", "Қашан некелесесіздер, той қашан?", "Карантинді күтіп жатырыздар ма?"- деп жазды олар. 




Көрілген: 1879    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 15:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31