Жұлдызды жаңалықтар

"Мен Ақботамен қайта қосылмаймын": Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленетінін айтты

  • "Мен Ақботамен қайта қосылмаймын": Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленетінін айтты

Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленетінін айтты. Алайда әзілкеш әлі де жар таңдау үстінде. Ақботамен қайта қосылмайтынын айтқан ол некені мазақ етуге болмайтынын айтты. Одан бөлек бірінші әйелімен, балаларымен ара қатынасы жайлы сөз қозғады. 

Айдарқұлов біраз уақыт бұрын Ақбота Сейтмағамбетпен ажырасып кетті. Некенің әншінің тарапынан бұзылғаны белгілі болды. Ақбота біржола кеткенін айтқанымен, Айдарқұов оны ұмыта алмай жүргенін жасырмады. 

 
Алайда некенің ойыншық емес екенін ескерте келе ол Ақботамен қосылатын ойы жоқ екенін ашық жеткізді. Отбасына қайта оралуға кеңес бергендерге де өз жауабын айтты. 

"Мен Ақботамен қайта қосылмаймын. Екеуміздің таысқанымызды қалап, кеңес беріп, сұрақтың астына алып жатқандарға айтарым - біз енді қосылмамыз. Себебі шариғат бойынша, неке деген ойнайтын зат емес. Ажырасып, қайта қосыла беруге болмайды. Мен қазір жар іздеп жүрмін. Оны жасырмаймын. Бұйырса, үшінші рет үйленемін. Сонымен бұл тақырыпты жабайық", - деді әзілкеш парақшасында.

Айтуынша, ол қазір бірінші некесімен туған балаларымен бірге.

"Баянгүл күнделікті үйге келіп тұрады. Балалары менің қасымда. Себебі ата-әжесімен бірге болған ыңғайлы. Ал жақсы пәтер табылған соң анасымен де, бізбен де бірге болады. Екінші некедегі балаларымен күнделікті кездесе бермеймін. Себебі екі жақтамыз", - деді ол. 

Әзілкеш желі қоланушыларының сұрақтарына осылай деп жауап берді. 

Айдарқұлов 2021 жылы үйленетінін кесіп айтқан еді. Алайда жар болуға лайықты қызды әлі кездестірмеген көрінеді. Бұған дейін оранған, намаз оқитын, иманды қызға үйленгісі келетінін мойындаған еді. 




Көрілген: 2877    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 13:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31