Жұлдызды жаңалықтар

"Мен сұлумын": Әдемі қыздар өздерінің артықшылықтары туралы

  • "Мен сұлумын": Әдемі қыздар өздерінің артықшылықтары туралы

Сұлу қыздарды көрсек қызығып та, қызғанып та қарайтынымыз жасырын емес. Кез келген ортада "еліктің лағындай" сымбатымен көзге бірінші түсетін қыздарға ұрлана қарайтындар қаншама. Әдемі қыздар өздерінің сұлулығын қашаннан бастап мойындады? Stan.kz тілшісі сымбатына сенген сұлулардан сұхбат алып, өз ойларын білді.

21 жастағы Әйгерім Рахымбекова бойының ұзындығын былай қойғанда тал бойында бір мін жоқ хас сұлудың өзі. Өз адресіне келетін комплименттердің көбі дәл осы көрсең көзің тоятын әдемілігіне байланысты. "Өте сұлусыз" ,"еліктей екенсіз", "өте нәзік, әрі сүйкімді екенсіз" деген мақтау сөздердің көп екенін айтады. Басқа қыздардан оқ бойы озық тұратын әдемілігінің арқасында көп жерде "ауырдың үстімен" өтіп кететін кездері болатынын жасырмайды. 

Мектепте оқып жүрген кезінде өзінің өзгеден өзгеше сұлу екенін білмеген ару тек 8-cыныпқа келгенде ғана өз дене бітімінің, кескін келбетінің артықшылықтарын көре бастаған.

Кішкентайында анасы "ұсқынсыз балапаннан аққуға айналасың әлі" деп айтатын көрінеді. Аққудай сұңғақ бойлы ару бүгінде қазақстандық модельдік агенттіктерде жұмыс жасайды. 

21 жасар Дидар Оңалбек қыз баланың сұлулығы өзіне деген күтімінде деп санайды.

"Мен өзімді әдемі санаймын. Олай болмаса модель болып жұмыс жасау қиын болар еді. Өйткені адамға ең бірінші өзіне деген сенімділік керек", - деген сылқым кішкентай күнінен айна алдында өз сұлулығына тамсанып тұратынын еске алды. 

Сылқымның өз сұлулығын тануда ата-анасының сөздері көп әсер еткен, әсіресе, әкесі тарапынан қызының сұлулығына деген жылы комплименттері. Аққу келбетті аппағым деп еркелеткен ата-анасы қызының бойшаң әрі сұлу болып өсіп келе жатқанын байқаса керек түзу жүр, еңсеңді тік ұста деген сынды ескертпе айтып отырған екен. 

Үшінші кейіпкеріміз Асем Лесбек мектеп оқып жүргенде өзін ұсқынсыз балапан көрген. Әдемілік туралы ойлау былай тұрсын өзін басқалардан кем санағанын жасырмайды. Бұлай ойлауына басты себеп, артық салмақ жинауы және өз қатарынан бойының ұзын болуы. Бүгінгі таңда ару өзінің хас сұлуға айналғанын айтады. Артық салмақтан арылған Асем Лесбек қазақстандық модельдік агенттіктің бірінде қызмет атқарады. Қыздың әдемілігі денедегі кейбір бұлшық еттердің артық өсуі емес деген ару: "қызды ажарландыратын оның ішкі мәдениеті және өзін ортада ұстауы, сыпайы сөйлеуі" дейді. 

Қыздарымыздың әдемілік жайлы айтқан әдемі ойларын видеомыздан көріңіздер. 

 

 

 

 




Көрілген: 251    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 10:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29