Жұлдызды жаңалықтар

"Мен текті жермен құда болғанды жөн деп санаймын": Арыстанбек Мұхамедиұлы жақында үлкен қызын ұзатпақ

  • "Мен текті жермен құда болғанды жөн деп санаймын": Арыстанбек Мұхамедиұлы жақында үлкен қызын ұзатпақ

ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ЛГБТ өкілдерінің шеруі шетелдік саясаттың ықпалы деген пікірде. Экс-министр мемлекет басшысынан өзі бастамашы болған New York Film Academy кино студиясын ашуға қолдау сұрайды. Бұдан бөлек Арыстанбек мырза вакцинаның пайдасы жайлы айта келе, қоғам болып екпе алуды жөн көреді. Текті әулетпен құда болуды жөн деген экс-министр жақында үлкен қызын ұзатпақ. 

Бұл туралы "Қасқа жол" бағдарламасында айтылды.

 Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматыдағы ЛГБТ өкілдерінің митингіне жол бермеу керек деген пікірде. "ЛГБТ – ұлтты шірітеді" деді шенеунік. 

"Бұндайға мүлде рұқсат бермеу керек. Олар емін-еркін шеруге шығып, плакат ұстап жүр. Басқа митингілерге рұқсат бермей қойды. Мен Алматы әкімі болсам, мұндайға рұқсат бермес едім. Бірақ бұл шетелдік саясаттың ықпалы. Оның орнына Тоқтар Әубәкіровты насихаттар едім, көкке көтерер едім, Олимпиада чемпиондарын мақтар едім. Басқа қанша тұлғаларымыз бар ғой", - деді Мұхамедиұлы. 

Ұлттық музейінің директорының айтуынша, бір адамға күйе жаға салу оңай. Алайда бір-екі адам шулады екен деп ол туралы жаман ойлаудың керегі жоқ дейді. 

"Бірде "Бекболат Тілеуханов шетелге қару сатып жатыр" деген әңгіме тарады. Бұл енді мүлде күлкілі. Бекболат адам баласы түгілі, жануарға зияны жоқ адам ғой. Қалай ол қару сатады? Сондай миға сыймайтын әңгімелер де тарап кетеді. Мен өзім жақсы араласамын. Ондайға мән бермеймін. Иманғали Тасмағамбетовпен де жақсы араласамын. Ол кісі маған жақсы ер-тұрманын мұражайға тапсырды. Халық игілігінде болсын деді. Халық жақсы көрген азамат", - деді Мұхамедиұлы. 

Мұражай басшысы ел қатарлы вакцина қабылдап үлгерген. Көпшілікті екпе салуға шақырады. Себебі, індетті ауыздықтаудың бір жолы - вакцина дейді ол. 

"Израиль бір ай бойы шекарасын жапты да, жаппай екпе қабылдады. Қазір есесіне халықаралық шараларды ұйымдастырып жатыр. Ұлыбритания да солай. Шетел тәжірибесіне сүйену керек. Вакцина алдым. Егер жаппай екпе салдырсақ, біз де жетеміз", - деді. 

Арыстанбек мырза ұл-қыздарының текті жерден қыз алып, текті жерге баруын қалайды. Текті әулетпен құда болуы жөн санайды. 

"Жақында үлкен қызым тұрмысқа шығады. Кіммен құда болатынымды айтпай-ақ қояйын. Алдын ала айтқым келмейді. Бәрі нақты шешілген соң айта жатармын. Мен өзі ырымшыл адаммын", - деді ол. 

Айтуынша, өзінің жанында жүрген азаматтармен ұзақ жылдар бойы қызметтес болады. Тіпті, көлік жүргізушісінің өзі 20 жыл қоластында жұмыс істеп келеді екен. 

"Көлік жүргізушім 20 жыл болды бір ғана адам. Айдар Қырықбай деген азаматпен қанша жылдан бері бірге келеміз. Көмекшілерім бар. Хатшы қыздарым жиі ауысады. Себебі, олар тұрмысқа шығады. Мен тұрмысқа  шығатын қыздады ұстамаймын. Орынын тапқаны жақсы", - деді Мұхамедиұлы. 

Арыстанбек мырза сөз соңында мемлекет басшысынан New York Film Academy кино студиясын ашуға қолдау сұрады. 

"Тоқаев мырза өте білімді азамат қой. Билікте ғұмыры ұзақ болса деймін. New York Film Academy кино студиясын ашуға қолдау берсе деймін. Елімізде мемлекеттік кино студиясы көп болу керек. Сонда кино өнері, мәдениетіміз дамиды. Елбасыға амандық пен денсаулық тілеймін", - деді ол. 




Көрілген: 1925    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 15:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31