Жұлдызды жаңалықтар

Менің күйеу жігітім бар: Ата-әжелер Айжан Байзақованың басына орамал салып пранк жасады (видео)

  • Менің күйеу жігітім бар: Ата-әжелер Айжан Байзақованың басына орамал салып пранк жасады (видео)

    Менің күйеу жігітім бар: Ата-әжелер Айжан Байзақованың басына орамал салып пранк жасады (видео)

Ресейлік блогер Айжан Байзақоваға пранк жасады. Бір ұлдың анасы, блогер Байзақова аяқ астынан қалыңдық атанып, орамалды болды. Көпшілікке таныс ресейлік блогер Александр Орлов қазақстандық блогер қызды алдап соқты. 

Оқиға барысы "ОР ШОУ" арнасында жарияланды.

 Ресейлік блогер Александр Орлов Нұр-Сұлтан қаласына «Рыба-Пила» мейрамханасының ашылуына қатысты. Бұл ретте арнайы іс-шара жасау мақсатында кешке блогер Айжан Байзақованы шақырды. Түсірілімге келген блогерге пранк жасалды. Шындығында, бұл жай ғана себеп еді. Себебі, блогердің мақсаты - түсірілім емес, Байзақоваға пранк жасау еді. 

Пранк жасауға қазақстандық 75 жастағы блогер Раиса Сандульская арнайы келді. Ол Айжанға сырға тақпақ болды. Ал ата-әжелер блогер қызды келін қылуға көндіріп, басына орамал салуға келді. 

Қазақта сырға салу дәстүрі бар. Сырға салу - қыз ұзату, келін түсіру жоралғыларының бірі. Сырға cалу кезінде жігіт жағынан 4-5 адам келіп құда түсер ырымын жасап, қыздың құлағына сырға тағып, қызды алып кететін күнді белгілейді. Бұл жолы жігіт жағы қыздың ата-анасына киіт кигізеді, қыз жағы мал сойып, құрметтеп күтіп алып, шығарып салады, тағы басқа сый-сыяпаттар жасалады. Келісілген күні жігіт жағынан 4-5 адам келіп қызды алып кетеді.

Осы дәстүрдің мәнісін ұққан ресейлік блогер Айжан Байзақованы келеңсіз жайтқа тап қылды. 

Байзақова орамалды басына салғызбай қарсы болды. Сырға тақпақ болғандарға қарсы шықты. Бұл жолы блогер Айжан ғана емес, оның менеджері де алданды. Пранк ұйымдастырушылары қарсы шығып, ұрыс шығарды. Айжан Байзақова оқиға орнына полиция шақыруды сұрады. 

Оқиға шиеленер тұста ұйымдастырушылар бұның пранк екенін айтып, көпшілікті күлкіге қарық қылды. 

Менің күйеу жігітім бар деп ақталған Байзақова оқиғаның мән-жайын ұққан соң өзі де бір күліп алды.

"Мен алдандым, шынында да пранк екенін білмедім", - деді блогер. 




Көрілген: 2175    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 16:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31