Жұлдызды жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева: Жатақханада тұратын кезім еді, бір күнде жұлдыз болып ояндым

  • Меруерт Түсіпбаева: Жатақханада тұратын кезім еді, бір күнде жұлдыз болып ояндым

    Меруерт Түсіпбаева: Жатақханада тұратын кезім еді, бір күнде жұлдыз болып ояндым

Меруерт Түсіпбаева өзінің халыққа қалай танылғанын айтты. Әнші алғашқы бейнебаяны арқылы көпшілікке танылған. Алайда өзін танытқан режиссер 23 жасында өмірмен қоштасып кете барды. 

Бұл туралы "Жарқын жүздесу" бағдарламасындай айтылды.

Меруерт Түсіпбаева өзінің "Қимай сені барамын" атты әнімен танылғанын айтты. Әнді композитор Төлеген Мұхамеджанов жазған. Автор әнін Меруерт Түсіпбаева орындағанын қалаған екен.

"Мұхамеджанов аға жаңа әншіні шығарысы келген. Әнінің жаңа әнші шырқағанын қалады. Бұл ән менің меншігімдегі ән емес. Мен сатып алған жоқпын. Кастинг арқылы мені таңдап алды. Менен кейін де біраз әнші шырқап жүр. Мен осы әнмен танылдым. Мадина Балғабаеваның досы болатын. Жас режиссер еді. Соған айтып жатып бейнабаян түсірдік. Бейнебаянда жолдасым да бар. Кейін жолдасым екеуіздің тағдырымыз бейнебаяндағыдай мазмұнда болды. Біз айырылысып кеттік. Бір камерамен, бір күнде түскен бейнебаян мені халыққа танымал етті. Күйеуім екеуміз ол кезде жатақханада тұратынбыз. Мен жұлдыз болып ояндым", - деді Түсіпбаева. 

Әнші халық алдында өзін танымал еткен марқұм режиссердың рухына бас иді. 

"Мені танымал еткен жас режиссер 23 жасында өмірден өтіп кете барды. Менің оған алғысым шексіз, көпшілік алдында бас иемін", - деді әнші. 

Түсіпбаеваның танымалдығы арта бастағанымен, отбасында қиындық туындай бастаған. 

"Өнер адамының жолдасы болған қиын. Мүмкін мен басқа сала маманы болғанда бәрі басқаша болар ма еді. Мені ұнатқан жігіттер көп болды. Сұрақтар туындай бастады. Қызғаныш болды. Ол да әдемі жігіт еді. Ұнатқан қыздар көп болды. Осылайша сезімге селкеу түсті", - деді Меруерт ханым.

Белгілі сазгер, әнші Ұлықпан Жолдасов Меруерттің"Қимай сені барамын" әнін өз аймағында айтып танылғанын мойындады. 

"Жаңа шығып жатқан әнді мен де шырқадым. Тойларға алып шықтым. Елдің бәрі сол үшін долларлар ақша берді. Менің де танымалдығым артты. Бірақ өз аймағымда таныла бастадым. Меруерт оны білмейтін шығар", - деді Жолдасов. 




Көрілген: 1839    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 13:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30