Жұлдызды жаңалықтар

Министр "Өз ойым" туралы: Бағдарламаны жаба алмаймын

  • Министр

    Министр "Өз ойым" туралы: Бағдарламаны жаба алмаймын

«Өз ойым» бағдарламасын жаба алмаймын. Бүгін Нұр-Сұлтандағы «Нұр Отан» партиясында қоғамдық қабылдау өткізген ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай деді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 


Министр


«Жетінші арнаның» «Өз ойым» бағдарламасында пәктігін сататын қыздар туралы сөз болғаннан кейін қоғамда наразылық туындаған еді. Бұл мәселені бірінші болып жайдарманшы Нұрболхан Шарапов көтеріп, артынша оны Асхат Садырбай, Бибігүл Дәулетбекқызы қолдады. Олар бағдарламаның жабылуын талап етуде.


Бүгін қоғамдық қабылдау барысында да «Өз ойым» мәселесі көтерілді. Тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы министрден көптің наразылығын тудырған бағдарламаны жабуын сұрады. 


Тележүргізушіге жауап берген Дәурен Абаев аталған бағдарламаның жаба алмайтынын айтты. Себебі оған құқығым жоқ, дейді. 


«Жетінші арна» жекеменшік телеарна болып табылады. Бұл ретте мен тек заңның аясында шара қолдана аламын. «Өз ойым» бағдарламасында лаңкестік секілді заңмен тыйым салынған тақырыптар насихатталса, осындай жағдайда ғана тоқтатылады. Мұнан бөлек жағдайларда жабуға құқығымыз жоқ», - дейді Абаев.




Көрілген: 994    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.04.2019, 15:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31